Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Іле Ойысы – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тауаралық тектоникалық құрылым. Солтүстігінде Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Борохоро (Бурақара) оңтүстігінде Іле Ал

Іле ойысы

  • Басты бет
  • Іле ойысы

Іле Ойысы – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тауаралық тектоникалық құрылым. Солтүстігінде Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Борохоро (Бурақара) оңтүстігінде Іле Алатауы және Кетпен (Ұзынқара) жоталарымен, шығысында Қытай жерінен басталып, батысында Қараой, Итжон үстірттерімен шектеседі. Іле Ойысы өзін қоршаған таулардан терең жарылымдармен шектелген. Ойыстың жалпы ұзындығы – 1000 км, республика жеріне батыс бөлігімен кіреді (көпшілік жері Қытайда), Қазақстанда батыстан шығысқа 300 – 350 км-ге созылып жатыр, ені шығысында 100 – 120 км, батысында 70 – 80 км, орта шенінде оң жағалаудан Қату, Қалқан, сол жағалаудан келіп, ойысты жіңішкертіп (25 – 30 км-ге дейін) екіге бөледі: батыс жағы Алматы, шығыс жағы Жаркент құлдималары. Ортаңғы бөлігін Іле өзенінің аңғары алып жатыр. Абсолюттік биіктігі шығысында 700 м, батысында 500 м, таулы жоталарға қарай 1000 м-ге дейін биіктей түседі. Бұл ойыстың палеозойлық тұғыры батысында 3000 м, шығысында 5000 м тереңдікте, үстін мезо-кайнозойлық шөгінділер жапқан құрылым тектоник. болғандықтан, жер сілкіну болып тұрады; 7 – 9 балдық белдемге жатады. Климаты тым континенттік, жазы ыстық, қуаң шілденің орташа температурасы 21,3 – 25,4С, қысы суық, қары аз, қаңтардың орташа темп-расы –5,8 – 11,7С. Жылдық жауын-шашын мөлшері ойыстың түбінен ернеуіне қарай (Қапшағайда – 260 мм, Алматыда – 575 мм) және шығыстан батысқа қарай өсе түседі (Шелекте – 233 мм, Қапшағайда – 260 мм). Су торына Іле және оның салалары жатады. Жер бедерінде тау етегінің шөлейтті және жазықтық шөл ландшафтысы айқын ажыратылады. Іле Алатауы мен Кетпен жоталарының тау етегі жазығы дөңбектасты-малтатасты қабаттан түзілген, үстін ллсс тәріздес қоңыр саз жапқан, ашық қоңыр топырағында жусанды-изенді өсімдіктер өскен. Жетісу (Жоңғар) Алатауының тау етегі жазығының бозғылт сұр топырағында бұйырғынды-сексеуілді және тасбұйырғынды өсімдіктер кездеседі. Бұрын Іле өз-нің аңғары болған ойыстың түбін аллювийлік шөгінді басқан. Энергетикада, балық шаруашылығында зор маңызы бар Қапшағай бөгені салынған. Ойыстың оңтүстік етегін бойлай Шілік – Шамалған өзен аралықтарында Үлкен Алматы каналы тартылған.

Пайдаланылған cілтемелер

Ж. Ахметов

  1. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
  Бұл — мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Бөлек Қараұлы

  • Сәуір 05, 2026

    Таяу Шығыс

  • Сәуір 06, 2026

    Дарданелл бұғазы

  • Сәуір 07, 2026

    Құбыр желісі

  • Сәуір 05, 2026

    Хафиз Таныш

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары