Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Абай кесенесі — 1996 жылы салынған сәулет өнері ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жидебай қонысында ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған тойы қарс

Абай кесенесі

  • Басты бет
  • Абай кесенесі

Абай кесенесі — 1996 жылы салынған сәулет өнері ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жидебай қонысында ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған тойы қарсаңында орнатылды. Пьедестал биіктігі 5 м, ұзындығы 200 м, ені 60 м. Биік 2 мұнараның біріншісі – Абай мұнарасы (биіктігі 38,5 метр), екіншісі - Шәкәрім мұнарасы (35 метр). Кешеннің төрт бұрышында төрт күмбез бар. Бұларға қоса диаметрі 36 метр болатын "Орталық Азиядағы жазба мәдениет тарихы" мұражай орны, келіп-кетушілерге арналған қонақжай, амфитеатр, сондай-ақ, мешіт салынды. Бұрын осы орынға жерленген Абай, Оспан, Шәкәрім, Ахат бейіттерін қозғамай, солардың бәрін ішіне ала түрғызылған кесене құрылысы көшпелілер мәдениетінің үрдісінде, қазақ халқының космогониялық танымын бейнелейді. Сонымен бірге Абай кесенесінен Самарқандағы Гүр-Әмір, Аградағы Тәж Махал кесенелерінің әсері де байқалады. Кешен композициясында бастан-аяқ тұтастық сақталған. Оның барлық ғимараттары бірін-бірі толықтырып, даланың кеңдігімен үйлесім тапқан. Құрылыс жұмыстарында, негізінен, Маңғыстаудың ұлутастары қолданылған.

Осы кешенді салуға республикалық байқау жүргізілді. Байқауға алты архитектура тобы қатысты. 1991 жылы 19 наурызда республикалық жабық конкурстың комиссиясы өзінің мәжілісінде келіп түскен жобаларды қарап, жеңімпаздарды анықтады. Олар халықаралық конкурстардың лауреаты архитектур Бек Ибраев басшылық ететін авторлық топ болып шықты.

Сілтемелер

  • Абай-Шәкәрім кесенесі қалай салынды?(қолжетпейтін сілтеме) — «Астана Ақшамы» 25.02.2020
 
Осы мақала қазақ мәдениеті туралы бастама болып табылады. Бұны толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Жітіқара (тау)

  • Сәуір 08, 2026

    Географиялық полюс

  • Сәуір 10, 2026

    Шаян (өзен)

  • Сәуір 05, 2026

    Алтынемел (ауыл)

  • Сәуір 05, 2026

    Бурабай ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары