Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Аванеш хан (1539/1540 жылы қайтыс болған) — 1526–1538 жылдары Хорезм мемлекетінде билік еткен Шайбанилер әулетінен шыққан алтыншы өзбек билеушісі.

Аванеш хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Аванеш хан
Лауазымы
Хиуа хандығының ханы
Ізашары Буджуга хан
Ізбасары Қал хан
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1482 (1482)
Белгісіз
Қайтыс болуы 1539/1540
Үргеніш
Әкесі Әмінек хан
Балалары Дін Мұхаммед, Әли

Аванеш хан (1539/1540 жылы қайтыс болған) — 1526–1538 жылдары Хорезм мемлекетінде билік еткен Шайбанилер әулетінен шыққан алтыншы өзбек билеушісі.

Билікке келуі

​Аванеш хан — Әмінек ханның ұлы және өзбек ханы Жәдігер ханның ұрпағы. Ол Хорезмдегі билікке 1526 жылы ағасы Буджуга хан қайтыс болғаннан кейін келді. Аванеш хан 1538 жылға дейін билік құрды.

Аванеш ханның билік құрған жылдарында Бұхара Шайбаниі Ұбайдулла хан (1533—1539) Хорезмді жаулап алуға әрекет жасады. Бұхара билеушісінің жорық бастауына Хорезмнің ықпалды сұлтандарының бірі, Аванеш ханның үлкен ұлы Дін Мұхаммедтің Сефевид билеушісі І Тахмасп шаһпен (1524–1576) жүргізген жеке келіссөздері ресми себеп болды. Бұл келіссөздерде, атап айтқанда, Сефевидтермен шекаралас аймақтардағы ықпал ету салаларын бөлісу мәселесі қаралған еді.

Ұбайдулла ханмен бірге бұл жорыққа Ташкент билеушісі Наурыз Ахмет хан, Самарқаннан — Жұбанмәрт Әли хан, Хисардан — Махди сұлтан мен Хамза сұлтанның немерелері қатысты. Жау әскерінің жақындап қалғанын естіген Әмінек ханның ұлдары — Хиуа мен Хазарасп билеушілері өз иеліктерін тастап, Үргеніштегі Аванеш ханға қарай бет алды. Алайда, Аванеш хан да ашық шайқастан қашқақтап, қаланы тастап, далаға шегінуге мәжбүр болды.

​Убайдулла ханның соңынан жіберген әскері қарсыластарын Бият-қыри деген жерде қуып жетті. Осы жерде болған шайқас барысында Аванеш хан өлтірілді. Бұл оқиға 1539–1540 жылдары орын алды.

Әдебиет

  • ​Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957
  • ​История Узбекистана. Т.3. Т., 1993.
  • ​История Узбекистана в источниках. Құрастырушы Б.В. Лунин. Ташкент, 1990
  • ​История Хорезма. И.М. Муминовтың редакциясымен. Ташкент, 1976
  • Хорезм в истории государственности Узбекистана / Ртвеладзе Э.В., Алимова Д.А.  Ташкент: «Узбекистан файласуфлари миллий жамияти», 2013. — 336 б.
Жоғары