Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Автомобиль нөмiрі — автокөлiк құралын мемлекеттік тіркеуге алғанда берілетін - нөмір белгісі. Ол әдетте көліктің алдыңғы және артқы жағында металл немесе пластм

Автомобиль нөмірлері

  • Басты бет
  • Автомобиль нөмірлері

Автомобиль нөмiрі — автокөлiк құралын мемлекеттік тіркеуге алғанда берілетін - нөмір белгісі. Ол әдетте көліктің алдыңғы және артқы жағында металл немесе пластмассадан жасалған жарық қайтаратын тақтайшада бейнеленеді. Сондай-ақ қағаз түрінде көліктің алдыңғы және артқы терезелеріне де қондырылуы мүмкін (көбіне транзитті нөмірлер).

  • Андорра
    Андорра
  • Германия
    Германия
  • Литва
    Литва
  • Польша
    Польша
  • Ресей
    Ресей
  • Франция
    Франция
  • Жапония
    Жапония

Көбінесе, автомобиль нөмірі көліктің белгілі бір елдің қайсыбір әкімшілік бірлігінде (облыс, қала, аудан) тіркелгенін айшықтап тұрады.

Көптеген мемлекеттерде нөмірлерді орталық тіркеу мекемесі, ал Канада, Аустралия, Германия, Пәкістан және АҚШ-та нөмірлерді жергілікті билік мекемесі үлестіреді.

Мазмұны

Тарихы

Нөмір белгілері автомобильдерден бұрынырақ пайда болды. 1893 жылы 14 тамызда Франция Париж полициясының жарлығы бойынша нөмір белгілерін таныстырған алғашқы ел болды, оның артынан 1896 жылы Германия да солай істеді. 1898 жылы Нидерланд "жүргізу рұқсаты" деп аталған ұлттық тіркеудегі нөмір белгілерін таныстырған алғашқы ел болды. Бастапқыда бұл нөмірлер жай ғана 1-ден бастап ретпен берілген сандар болды, бірақ кейін 1906 жылы өзгертілді.

Әр штаты өз нөмірлерін басып шығаратын АҚШ-та, Нью-Йорк штаты алғашында 1901 жылы көлігінің арт жағында көлік иесінің аты-жөнінің бірінші әріптері (инициалы) көрінетіндей болуын талап еткеннен кейін, 1903 жылдан бастап автомобиль нөмірлерін (ақ фондағы қара түсті сандар) талап ете бастады. Бастапқыда көптеген құзіретті орындарда нөмір белгілері үкімет тарапынан шығарылмаған болатын, сол себепті моторлы көлік иелері өздері жасап шығарулары керек болды. 1903 жылы Массачусетс нөмір белгілерін шығарған алғашқы штат болды.

Құрама Патшалықта нөмір белгілері алғаш рет 1904 жылдың 1 қаңтарынан бастап автомобиль акты (Motor Car Act) бойынша талап етіле бастады.

Қазақстанның автомобиль нөмірлері

Толық мақаласы: Қазақстанның автомобиль нөмірлері
 
Көлік құралы иесі жеке тұлға болғанда, берілетін нөмір. «A» — Алматы. «P» әрпіне аяқталатын соңғы сериялардың бірі
 
Көлік құралы иесі жеке тұлға болғанда, берілетін нөмір. «Е» — Атырау облысы
 
Көлік құралы иесі жеке тұлға болғанда, берілетін нөмір. «H» — Жамбыл облысы
 
Көлік құралы иесі заңды тұлға болғанда, берілетін нөмір. «X» - Түркістан облысы.
 
Көлік құралы иесі заңды тұлға болғанда, берілетін нөмір. «Z» - Астана

Қазақстан автомобиль нөмірлерінің кестесі

1993 жылғы жүйе

Аймақ коды Аймақ
A Алматы
B Алматы облысы
C Ақмола облысы
D Ақтөбе облысы
E Атырау облысы
F Шығыс Қазақстан облысы
H Жамбыл облысы
K Қарағанды облысы (бұрынғы Жезқазған облысы қазіргі кезде берілмейді)
L Батыс Қазақстан облысы
M Қарағанды облысы
N Қызылорда облысы
O Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы (бұрынғы Көкшетау облысы, қазіргі кезде берілмейді)
P Қостанай облысы
R Маңғыстау облысы
S Павлодар облысы
T Солтүстік Қазақстан облысы
U Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы, қазіргі кезде берілмейді)
V Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы, қазіргі кезде берілмейді)
W Ақмола облысы, Қостанай облысы (бұрынғы Торғай облысы, қазіргі кезде берілмейді)
X Түркістан облысы
Z Астана

2012 жылғы жүйе

Аймақ коды Аймақ
01 Астана
02 Алматы
03 Ақмола облысы
04 Ақтөбе облысы
05 Алматы облысы
06 Атырау облысы
07 Батыс Қазақстан облысы
08 Жамбыл облысы
09 Қарағанды облысы
10 Қостанай облысы
11 Қызылорда облысы
12 Маңғыстау облысы
13 Түркістан облысы
14 Павлодар облысы
15 Солтүстік Қазақстан облысы
16 Шығыс Қазақстан облысы
17 Шымкент
18 Абай облысы
19 Жетісу облысы
20 Ұлытау облысы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Термодинамикалық тепе-теңдік

  • Наурыз 14, 2026

    Митоз

  • Наурыз 11, 2026

    Беғазы-Дәндібай мәдениеті

  • Наурыз 12, 2026

    Дауысты дыбыстар

  • Сәуір 04, 2026

    Соқпалы-шулы аспаптар

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары