| аудан | |
| Адай-Табын ауданы | |
| Адай-Табынский район | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы | жоқ |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 1921; 1923 ж. 20 наурызы |
| Таратылған уақыты | 1922; 1923 ж. 5 шілдесі |
| Ресми тілдері | |
Адай-Табын ауданы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің бұрынғы әкімшілік бөліну бірлігі.
Тарихы
Аудан Адай уезі құрамында 1921 жылдың 3 наурызында құрылған. Аудан халқының барлығы көшпенді болған, бұл жағдай ауданның орталығы жоқтығына әкелді.
1922 жылдың 9 қыркүйегінде аудан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды.
1923 жылдың 20 наурызында аудан қайтадан құрылды.
1923 жылдың 5 шілдесінде аудан қайтадан таратылды. Құрамына кірген болыстар уезд басшылығына тікелей бағыныңқылы болды.
Әкімшілік бөлінуі
Аудан алғаш құрылған кезде 11 болыстан тұрды. Олар: 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші Адай; 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы Табын. Қайта құрылған уақытта аудан 9 болыстан тұрды. Олар: 1-ші, 2-ші, 3-ші Адай; Доңызтау-Ақкөл; Сам-Матай; Тайсойған-Сағыз; Ұлы Сам; Шилі-Сағыз; Жем-Сағыз.
- Қазақстанның таратылған аудандары