Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Адам Мекебаев (19.4.1940, Ақжар ауылы, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы - 8 қыркүйек, 2014 ж., Алматы) – жазушы.

Адам Мекебаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Адам Мекебаев
Туған күні

19 сәуір 1940 (1940-04-19)

Туған жері

Қармақшы ауданы

Қайтыс болған күні

8 қыркүйек 2014 (2014-09-08)(74 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Ұлты

қазақ

Марапаттары ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Адам Мекебаев (19.4.1940, Ақжар ауылы, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы - 8 қыркүйек, 2014 ж., Алматы) – жазушы.

Өмірбаяны

  • 1960 жылы Қызылорда қаласындағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық институтқа (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне) түсіп, 1962 жылы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ауысады. Қазақ мемлекеттік университетін (ҚазҰУ) 1965 жылы бітіреді.
  • 1987 жылы Мәскеудегі Горький атындағы әдебиет институтының жоғары әдеби курсын бітірген .
  • 1965 – 1966 жылдары «Лениншіл жас» («Жас алаш») газетінде редактор болып істеген.
  • 1966 – 1971 жылдары Қызылорда облыстық Халық шығармашылығы үйінің директоры қызметін атқарды.
  • 1974 – 1975 жылдары Республикалық «Қайнар» редакциясында редактор.
  • 1975 – 1981 жылдары«Жазушы» баспасында редактор.
  • 1981 – 1982 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде қызмет атқарды.
  • 1983 – 1984 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік сценаристер алқасының кеңесшісі.
  • 1987 – 1992 жылдары «Жұлдыз» журналында редактор қызметін атқарды.
  • 1992 – 2002 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор.
  • 2002 – 2005 жылдары «Ақжелкен» журналында қызмет атқарды.

Шығармалары

  • 1965 жылы Қазақстан журналистер одағының мүшесі, 1977 жылы КСРО және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі болды.

Халқымыздың бұрынғы және бүгінгі тағдыры мен болашағы жайлы тереңнен тартып сөз қозғайтын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.

Романдары:

  • «Періште келіншек» (1982);
  • «Дауылды жер» (1988);
  • «Құпия қойма» (2008).

Повестері:

  • «Жаза» (1970);
  • «Жадыра» (1970);
  • «Жезтырнақ» (1973);
  • «Кездік» (1973);
  • «Аңызақ» (1978);
  • «Жар жағалаған қыз» (1978);
  • «Жазғы демалыс» (1974);
  • «Үйінен қашқан бала» (2007).

«Лебединная печаль», «Суховей» повестері Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан орыс тілінде жарық көрді.

Өлеңдер жинағы:

  • «Дала мінезі» (1976).

Тарихи-философиялық еңбектері:

  • «Ой түбінде жатқан сөз» (2003);
  • «Мың жарым жылдық қате» (2003).

Пьесалары:

  • «Аяқталмаған айқас»;
  • «Жеті балл жер сілкініс».

Марапаттары

  • Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005);
  • С. Садуақасов атындағы ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2000);
  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2001);
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған (2001);
  • «Қазақстан Республикасы еңбегі сіңген қайраткері» (2013).
Жоғары