Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Адрия теңізі (Adrіa — біздің заманымыздан бұрын 6 ғ-дағы грек қонысының аты) — Жерорта теңізінің солтүстік бөлігінде, Апеннин мен Балкан түбектері аралығында, И

Адрия теңізі

  • Басты бет
  • Адрия теңізі

Адрия теңізі (Adrіa — біздің заманымыздан бұрын 6 ғ-дағы грек қонысының аты) — Жерорта теңізінің солтүстік бөлігінде, Апеннин мен Балкан түбектері аралығында, Ион теіңізін жиектей орналасқан. Тереңдігі солтүстігінде 20-60 м, орта тұсында 100-170 м, оңтүстік-шығысында 1500 м-ден асады. Ауданы 132 мың шаршы км. Теңіз айдынында циклондық айналым жасайтын ағыс кездеседі. Беткі қабатының температурасы солт-нде 70С, оңт. бөлігінде 130С, тамызда 24-26 С; суының тұздылығы солтүстік бөлігінде 30-35‰, оңтүстік-шығысында 38‰-ге жетеді. Оңтүстік-батыс, солтүстік және солтүстік-батыс жағалаулары биік таулармен қоршалған. Батыс, солтүстік-батыс жағалаулары ойпатты, кей тұстарында қолтықтар кездеседі. Балкан түбегіне жақын жағалауларында Ирк, Паг, Корчула, Хвар, Брач т.б. аралдары бар. Негізгі шығанақтары: Венеция, Мафредония, Отранто, ең ірі түбектері: Истрия, Гаргано жағалауында Италия, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Югославия, Албания мемлекеттері орналасқан. Ірі порттары: Венеция, Триест, Риека, Сплит, Дуррес. Адрия теңізі арқылы жүк тасымалданады, жағалауында туризм және демалыс орындары бар.

Адрия теңізі
Сипаттамасы
Ауданы144 000 км²
Орналасуы
42°46′33″ с. е. 15°25′34″ ш. б. / 42.77583° с. е. 15.42611° ш. б. / 42.77583; 15.42611 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°46′33″ с. е. 15°25′34″ ш. б. / 42.77583° с. е. 15.42611° ш. б. / 42.77583; 15.42611 (G) (O) (Я)
Адрия теңізі (Жерорта теңізі)
Адрия теңізі
Адрия теңізі Ортаққорда
Мақала бастамасы Бұл — мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 13, 2026

    Мария Склодовская-Кюри

  • Сәуір 07, 2026

    Алла Тағала

  • Сәуір 10, 2026

    Үлкен Алматы көлі

  • Сәуір 06, 2026

    Қоңыр топырақ

  • Наурыз 11, 2026

    Каспий теңізі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары