| Азамат Сатыбалды | |||
| Жалпы мағлұмат | |||
|---|---|---|---|
| Туған кездегі есімі | Азамат Сатыбалдыұлы Сұрапбаев | ||
| Туған күні | 2 қараша 1977 (48 жас) | ||
| Туған жері | Тұрар Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР | ||
| Азаматтығы |
| ||
| Мамандығы | актёр, тележүргізуші | ||
| Белсенді жылдары | 2001 — осы уақытқа дейін | ||
| Марапаттары | | ||
Азамат Сатыбалды (1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылында туған) — тележүргізуші, кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры. 2023-2024 жж. Қазақфильм президенті
Өмірбаяны
Азамат Сатыбалды Сұрапбаев 1977 жылы Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Көп балалы отбасында туған. Үйдегі тоғыз баланың кенжесі. 1997 ж. Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды. 2000 ж. дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілді. 2001 ж. дипломын алып, Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа орналасты.
2022 жылдың 14 ақпанынан бастап – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры.
Фильмографиясы
- 2001-2003 – «Қара шегіртке» - Ерлан
- 2008 – «Бақсы» - эпизод
- 2009 – «Ағайынды» - эпизод
- 2010 – «Жерұйық» - эпизод
- 2011 – «Дәрігер Ахметова» - Ринат
- 2011 – «Ғашық жүрек-2» - продюсер
- 2012 – «Сыныптастар» - Дәулет Егоров
- 2013 – «Парыз» - Нартай
- 2013 – «Бір кем дүние» - эпизод
- 2014 – «Қара шаңырақ» - Әлішер
- 2014 – «Абайлаңыз, сиыр!» - эпизод
- 2015 – «Рэкетир 2» - Қасым
- 2016 – «Үйге апарар жол» - эпизод
- 2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Ерлан
- 2017 – «Барлығы сен үшін» - Асқар
- 2019 — «Армандастар» - Талғат
- 2019 — «Томирис» - Қаваз
- 2020 — «Полигон» - Нұрсұлтан Назарбаев
- 2022 — «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» — Мұқағали Мақатаев
- 2022 — «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» — Бичурин
Марапаттары
- 2002 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты.
- 2014 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы.
- 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медалі.
- 2026 жылы "Парасат" ордені.
Отбасы
Жары: актриса, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері Назгүл Қарабалина, 1 ұлы бар.
- 2 қарашада туғандар
- 1977 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- Қазақстан актерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегерлері
- Қазақстан театр актерлері
- Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары
- Қазақстан тележүргізушілері
- Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері
- Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары
- Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорлары

