Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Азов теңізі, Азыу теңізі (ежелгі Сурож теңізі) — Қырым түбегінің шығысына орналасқан теңіз. Атлант мұхиты алабының ішкі теңізіне жатады. Керч бұғазы арқылы Қара

Азов теңізі

  • Басты бет
  • Азов теңізі

Азов теңізі, Азыу теңізі (ежелгі Сурож теңізі) — Қырым түбегінің шығысына орналасқан теңіз. Атлант мұхиты алабының ішкі теңізіне жатады. Керч бұғазы арқылы Қара теңізбен байланысады. Азов теңізі — дүние жүзі мұхит теңіздерінің ішіндегі ең шағыны әрі таязы. Ауданы — 39 мың км2. Орташа тереңдігі — 8 метр, ең терең жері — 15 метр. Айдыны 320 мың км3. Жағасы аз тілімделген. Ірі шығанақтары: Таганрог, Сиваш. Дон және Қобан өзендері теңізге жылына көлемінің 1/5-не жуық тұщы су құяды. Сондықтан тұздылығы төмен. Азов теңізінің беткі қабатындағы судың температурасы жағалауға жақын бөлігінде 30o-31oС-қа дейін, орта тұсында 25o-26oС-қа көтеріледі. Қыста теңіз 2-3 ай қатып жатады. Таяз болғандықтан суы жақсы араласады, температура мен тұздылығы беткі қабатынан түбіне дейін біркелкі, оттегі мол. Судың барлық қабаты тіршілікке бай. Азов теңізінде балықтың 80-ге тарта түрі бар. Одан тюлька, көксерке, хамса, табан көп ауланады. Теңіздің транспорттық маңызы бар. Азов теңізі Еділ-Дон каналы арқылы Каспий, Балтық және Ақ теңіздерімен жалғасады. Басты порттары: Мариуполь, Таганрог, Ейск, Бердянск.

Азов теңізі
укр. Азовське море, қырымтат. Azaq deñizi, орыс. Азовское море
Сипаттамасы
Ауданы39 000 км²
Көлемі256 км³
Жағалау сызығының ұзындығы1472 км
Тереңдігі13,5 м
Орташа тереңдігі7,5 м
Суды жинау ауданы586 000 км²
Орналасуы
46°05′06″ с. е. 36°31′44″ ш. б. / 46.085° с. е. 36.529° ш. б. / 46.085; 36.529 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°05′06″ с. е. 36°31′44″ ш. б. / 46.085° с. е. 36.529° ш. б. / 46.085; 36.529 (G) (O) (Я)
Азов теңізі (Еуропа)
Азов теңізі
Азов теңізі Ортаққорда
Мақала бастамасы Бұл — мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Жетіген (әуеайлақ)

  • Сәуір 04, 2026

    Рибонуклеин қышқылы

  • Наурыз 21, 2026

    Гидросфера

  • Сәуір 07, 2026

    Астрофизика институты

  • Сәуір 07, 2026

    Әбдіжәміл Нұрпейісов

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары