Айви Лигасы (ағылш. Ivy League) — АҚШ солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан Құрама штаттардың және әлемнің ең үздік жоғары оқу орындар қауымдастығы.
| Айви Лигасы (Айвилер; Көне сегіз.) | |
|---|---|
![]() | |
| Құрылуы | 1954 |
| Ассоциациясы | АҚШ колледждер арасында Бірінші Дивизион (NCAA) |
| Дивизион | Бірінші дивизион |
| Мүшелері | 8 |
| Спорт бөліктері | 33 (ерлер: 17; бикештер: 16) |
| Орналасуы | Солтүстік-шығыс АҚШ |
| Басты офисі | Принстон, Нью Джерси |
| Бастығы | Робин Харрис ( 2009 бері) |
| Сайты | ivyleaguesports.com |
| Орналасуы | |
![]() | |
Ағылшынша "Ivy" сөзі қазақ тілінде шырмауық дегенді білдіреді. Қауымдастықтың бұлайша аталуына университеттің көне ғимараттарының шырмауықпен көмкеріліп жататындығы себеп болды. Айви лигасына енетін университеттер білім сапасының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Айви Лигасына кіретін сегіз жоғары оқу орындардың тізімі:
- Браун университеті
- Дартмут университеті
- Гарвард университеті
- Принстон университеті
- Пенсильвания университеті
- Йель университеті
- Колумбия университеті
- Корнелл университеті
Лиганың өзара бәсекелестігі
Айви лигасына енетін университеттердің іріктеушілігі аса жоғары болып табылады. Қабылдау көрсеткіші 7-18% болып табылады. Бұл университеттер студенттерді тарту үшін өзара бәсекеге түседі.
