| Айдар Шайхысламұлы | |
|---|---|
| Мансаптары: | ишан, ұста |
| Туған күні: | 1848 |
| Қайтыс болған күні: | 1922 |
| Ұлты: | қазақ |
| Әкесі: | Назар |
| Мазһабы, ағымы: | Ханафи мазһабы |
Айдар Шайхысламұлы (1848–1922) — ишан, ұста.
Шежіре
Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Жаулы – Жары – Назар – Тастемір – Ақәділ – Баймұханбет – Шайхыслам (Шайхыислам) – Айдар
Өмірбаяны
Жасынан діни жолды ұстанған адам. Бұхара қаласындағы медреседе оқып, діни жоғары білім алған.
Тұщықұдық жерінде мешіт салып, шәкірттер оқытқан,
Қарақалпақстанда Мәткәрімді пір тұтқан, соған қол берген, діни жоғары білімді деп танылып шатырхат (диплом) алған. Маңғыстау өңірінде Айдар ишан атағымен танылып, құрметке бөленді. Елге имандылық қасиеттерін таратып, балаларға діни білім берумен қатар көрік ұстаған ұста да болған.
Естелік
Қазіргі уақытта жеті серке терісінен жасалған көрігі, ұсталық құрал-саймандары ишан ұрпақтарында сақтаулы. Айдар ишан салдырған мешіттің орны «Тұщықұдық» кеңшарының орталығында сақталған.
- Ислам тұлғалары
- Маңғыстау облысы тұлғалары