| Айтбай Хангелдин | |
|---|---|
| Дүниеге келгені: | 06.11.1906 Қызылорда облысы Сырдария ауданы Абай ауылы |
| Қайтыс болғаны: | 1981 |
| Мансабы: | жазушы |
Айтбай Хангелдин (1906 - 1981) - жазушы. Ташкенттегі қазақ халық ағарту институтын бітірген (1926). 2-дүниежүзі соғысқа қатысқан. Лақап аты – Ақық.
Жетістіктер
1920 - 1930 жылдары Өзбекстан КП ОК-нің органы - "Еңбек" газетінде жұмыс істеген.
1930 - 1932 жылдары "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газеті редакциясында жұмыс істеген.
1932 - 42 жылдары республикалық Қазақ радиосы комитеттінде, т.б. мекемелерде жұмыс істеген.
1945 - 50 жылдары Қазақстан КП ОК-нің аппаратында жауапты қызметкер
1951 - 60 жылдары Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі "Жазушы") аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор қызметін атқарған.
Шығармашылар
30–жылдар басында «Құрылыс жолында», «Еңбек етіңдер» сияқты өлеңдер жинақтары, «Маржан», «Ақан сері», «Қамалия», «Қыз жүрегі» поэмалары, т. б. жарық көрді. Алғашқы әңгімелер жинағы "Құрылыс" (1931) Ташкентте жарық көрген. Қаламынан «Алғыс», «Ерлік» әңгімелер жинағы, «Керемет» повесі, «Біздің оттар», «Қараторғай», «Біздің Ғани» романдары да туды. "Дудар-ай" (1947), "Арқалық" (1948), "Жайнақтың сыры" (1955) т.б. пьесалары республикалық, облыстық театрларда қойылған. Мектеп оқушыларына арналған Н.В. Гоголь, М.Горький, А.П. Чехов, С.Соболев, Мамин-Сибиряк, А.Ширванзаде, Лао Шэ, Хамза Ниязидың бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған.