Айту Жаубасарұлы (1746 — 1790) — би, Балпық бидің шәкірті. Жас кезінен билік айтуға араласқан. Айтудың білгірлігі мен әділдігіне риза болған Балпық би оған “Айтудан айтар сөз артылмаған” деп баға берген. Жалайыр тайпасының Қалпе руынан шыққан.
Айтудың басына ұрпақтары кесене орнатты (1997, Үштөбе-Көксу автомобиль жолының бойы, Оян ауылы). Кесененің биіктігі 12 м., аумағы 30 м2, күмбезі қос сатылы, төменгі қабаты 7 бұрышты. Сәулетшілері Бейсенбаева Ғ., Әлімжанов А.
Санаттар:
- 1746 жылы туғандар
- 1790 жылы қайтыс болғандар
- Қазақ би-шешендері