Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Алакөл ауданы — Жетісу облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы — Үшарал қаласы.

Алакөл ауданы

  • Басты бет
  • Алакөл ауданы

Алакөл ауданы — Жетісу облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы — Үшарал қаласы.

Қазақстан ауданы
Алакөл ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Жетісу облысы

Аудан орталығы

Үшарал

Ауылдық округтер саны

23

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

55

Қала саны

1

Әкімі

Алмас Сапарғалиұлы Абдинов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, №74

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°13′48″ с. е. 76°51′00″ ш. б. / 44.23000° с. е. 76.85000° ш. б. / 44.23000; 76.85000 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°13′48″ с. е. 76°51′00″ ш. б. / 44.23000° с. е. 76.85000° ш. б. / 44.23000; 76.85000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

23,7 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

75 204 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (85,28%), орыстар (13,18%), татарлар (0,73%), шешендер (0,40%), немістер (0,11%), басқалары (0,3%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

040200-040238

Автомобиль коды

19

Алакөл ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Алакөл ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Аудан солтүстігінде Абай облысының Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарымен, батысында Сарқан ауданымен, оңтүстігінде Қытаймен шектеседі.

Жер бедері, су жүйесі

Алакөл ауданы Балқаш-Алакөл ойысы мен Жетісу (Жоңғар) Алатауы аралығында орналасқан. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Шыбынды, Қайқаң, Жабық, Күнгей Тастау, т.б. жоталары алып жатыр. Ауданның қалған бөлігі салыстырмалы түрде жазық келеді. Бұл жерлерде аласа таулар (Арғанаты, Арқарлы, т.б.) мен құмды алқаптар (Қарақұс, Сарықұм, Тасқарақұм) алып жатыр. Солтүстігінде Алакөл топ көлдері (Алакөл, Қошқаркөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл) орналасқан. Жетісу Алатауынан бастау алатын Лепсі, Тентек, Шынжылы, Көксуат өзендері аудан аумағын кесіп өтіп, солтүстіктегі Алакөл, Сасықкөл көлдеріне құяды.

Климаты, топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

Алакөл ауданының климаты тым континенттік, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы –12 – 16°С, шілдеде 18 – 23°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150 – 260 мм, тау бөктерлері мен аңғарларында 350 – 550 мм. Жерінің басым көпшілігін шөлейт белдемнің сұр топырағы, ал тау бөктері мен аңғарларында қара қоңыр, бозғылт қоңыр топырақ құрайды. Құмды алқаптарда сор, сортаң топырақ түрлері кездеседі. Даласында жусан, ебелек, баялыш, күйреуік, изен, қияқ, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Биік тау беткейлері мен аңғарларын шыршалы-қарағайлы орман қамтыған. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоңыр аю, қабан, борсық, таутеке, арқар, марал; құстардан үйрек, қаз, аққу, реликті шағала, қырғауыл мекендейді; суларында сазан, алабұға, маринка, ақ амур, көксерке кездеседі. Алакөл ауданына аумағы 12,5 мың га жерді алып жатқан Алакөл мемлекеттік сулы-сазды қорығы, жалпы аумағы 27 мың га болатын Тоқты және алма ағаштарынан тұратын ауданы 32 мың га Лепсі қорықшалары кіреді. Кен байлықтарынан Андреев және Ілдерсай бентонитті кендері бар.

Ауыл шаруашылығы

Алакөл ауданында суғармалы және тәлімі егін шаруашылығы дамыған. Онда негізінен астық тұқымдастар, техникалық дақылдар (қызылша) және картоп өсіріледі. Алакөл ауданына пайдаланылатын жерінің аумағы 165,5 мың га, оның ішінде жыртылған жері 76,7 мың га, шабындығы 87,3 мың га, жайылымы 1,46 мың га. Аудан жерінен Ақтоғай-Достық темір жолы және Алматы – Өскемен автомобиль жолдары өтеді. Үшаралдан облыс орталығы — Алматы қаласына дейінгі қашықтық 570 км.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 15432 ▲26413 ▲43726 ▲48452 ▲51619 ▲79773 ▼69398 ▲75554

Тұрғындар саны – 69679 (2019).

  • ұлттық құрамы – қазақтар (84,74%), орыстар (13,64%), украиндар (0,01%), немістер (0,13%), шешендер (0,40%), татарлар (0,74%), ұйғырлар (0,07%), басқалары (0,27%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 56 елді мекен 23 ауылдық әкімшілік округ пен 1 қалалық әкімдікке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақжар ауылдық округі 2255 ▼2182 96,8 1114 ▼1112 99,8 1141 ▼1070 93,8
Ақтүбек ауылдық округі 1239 ▼1215 98,1 655 ▼628 95,9 584 ▲587 100,5
Арқарлы ауылдық округі 611 ▼558 91,3 310 ▼288 92,9 301 ▼270 89,7
Бескөл ауылдық округі 7462 ▲7910 106 3707 ▲3897 105,1 3755 ▲4013 106,9
Достық ауылдық округі 4819 ▲6381 132,4 2384 ▲3260 136,7 2435 ▲3121 128,2
Екпінді ауылдық округі 2174 ▼2134 98,2 1100 ▼1092 99,3 1074 ▼1042 97
Еңбекші ауылдық округі 1465 ▼1249 85,3 731 ▼669 91,5 734 ▼580 79
Жағатал ауылдық округі 2038 ▼2020 99,1 1042 ▼1006 96,5 996 ▲1014 101,8
Жайпақ ауылдық округі 1564 ▲1629 104,2 794 ▲852 107,3 770 ▲777 100,9
Жанама ауылдық округі 2260 ▼2043 90,4 1174 ▼1036 88,2 1086 ▼1007 92,7
Жыланды ауылдық округі 2151 ▼1632 75,9 1120 ▼821 73,3 1031 ▼811 78,7
Көлбай ауылдық округі 2893 ▼2771 95,8 1501 ▼1448 96,5 1392 ▼1323 95
Қабанбай ауылдық округі 6182 ▲6711 108,6 3037 ▲3361 110,7 3145 ▲3350 106,5
Қайнар ауылдық округі 905 ▲3076 339,9 478 ▲1606 336 427 ▲1470 344,3
Қамысқала ауылдық округі 930 ▼841 90,4 493 ▼438 88,8 437 ▼403 92,2
Қызылащы ауылдық округі 1696 ▲1717 101,2 886 ▲889 100,3 810 ▲828 102,2
Лепсі ауылдық округі 1442 ▼1348 93,5 720 ▼708 98,3 722 ▼640 88,6
Сапақ ауылдық округі 1039 ▼683 65,7 513 ▼350 68,2 526 ▼333 63,3
Теректі ауылдық округі 2192 ▼1854 84,6 1116 ▼949 85 1076 ▼905 84,1
Тоқжайлау ауылдық округі 2682 ▼2288 85,3 1353 ▼1164 86 1329 ▼1124 84,6
Үшарал қалалық әкімдігі 17265 ▲21272 123,2 8530 ▲10684 125,3 8735 ▲10588 121,2
Үшбұлақ ауылдық округі 1298 ▼835 64,3 662 ▼440 66,5 636 ▼395 62,1
Ынталы ауылдық округі 529 ▲729 137,8 262 ▲367 140,1 267 ▲362 135,6
Ырғайты ауылдық округі 2307 ▲2476 107,3 1154 ▲1256 108,8 1153 ▲1220 105,8
ЖАЛПЫ САНЫ 69398 ▲75554 108,9 34836 ▲38321 110 34562 ▲37233 107,7

Ірі елді мекендері

Атауы Халқы
(2021)
Үшарал ▲21122
Қабанбай ▲6605
Достық ▲6314
Бескөл ▲4355
Бұлақты ▼3375
Тоқжайлау ▼2288
Қазақстан ▲1956
Көктұма ▲1935
Теректі ▼1784
Ж. Балапанов ▲1717
Жайпақ ▲1629
Көлбай ▼1465
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 23, 2026

    Өркениет

  • Наурыз 15, 2026

    Қозы Көрпеш – Баян Сұлу

  • Наурыз 11, 2026

    Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізімі

  • Сәуір 05, 2026

    Саяси жүйе

  • Наурыз 23, 2026

    Нәсіл

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары