Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Батырлар жырында бұл сөз жиі кездеседі. Әскери топ, әскери әрекет деген мағынаға саяды. Аламан атауы әскер мағынасын білдірумен бірге, әскери даярлығы жоқ, тек

Аламан (әскер)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Аламан — тәртіпке, жолға, низамға көнбейтін, өз дегені болмаса басқаны елемейтін топ.

Батырлар жырында бұл сөз жиі кездеседі. Әскери топ, әскери әрекет деген мағынаға саяды. Аламан атауы әскер мағынасын білдірумен бірге, әскери даярлығы жоқ, тек қажеттіліктен соғысқа аттанған, араласқан әскери топты да аламан, әскер, қол деп атаған. Түрколог Э.Севортян "Аламан сөзі көне жазба ескерткіштерде кездеспейді, кейін пайда болған" деген пікір айтады. Ал Т.Байжановтың пікірінше, аламан сөзі әскери топ деген мағынаны білдіреді, бірақ бүгінгі күнде әскери термин мағынасын жоғалтқан. Жаңа мағынаға ие болған.

Басқа түркі тілдерінде аламан сөзінің екі мағынасы бар. Бірі – көпшілік, екіншісі – талау, тонау, шабу мақсатында жиналған адамдар. Аламан, аламанчы сөздері түркімен, әзербайжан, шағатай тілдерінде "тонау, талау, тонаушы, алаушы отряд" деген мағыналарды береді. М.Қашқаридің сөздігінде мұны "шабылдау мақсатымен жиналған топ" мағынасында берілген. Қазіргі тілімізде ала көз, ала ауыз болу сынды тіркестер бар. Бұларға да "келіспеушілік, қастық, дұшпандық ету" мағыналарын бергенде ала сөзінің семантикасы негіз болған.

Бұрынғы әдебиетпен танысқанда, қазақтың бойына біткен мінездің бірнеше түрі орасан көрініп тұр. Қазақ арасында болып өткен бірнеше әлеумет қимылдар да көрініп тұр. Ел әдебиетімен танысқанда осындай бадырайып көрінгеннің бірі — аламандық. Көптің пайдасын ойлай тұрса да, бүтін жұрттың қамын жей тұрса да, өзінің мен-мендігін, көп күшін құрбан қыла алмайтын, өз дегенін күшпен орындайтын, өз басын артыққа санап, сөзін сөйлеп соңына ермегендерді, қарсы тұрғандарды түсінбегендігінен, ақылсыздығынан қылды деп білетін, көңіліне жақпаса өзі қойған бастығының бұйрығына, өзі қалаған тәртіптің жолына бас ұрмайтын, Отан сезімі, мемлекет сезімі кем, менмендік сезімі өте күшті құлықты аламандық дейді.

Он тоғызыншы ғасырдың ортасына дейін қазақтың мәдениеті ақсақал дәуірінде болды. Әр рудың, әр тайпаның адамдары өзінің ақсақалына ерді. Ру бастықтарын жүгендейтін мықты кіндік, берік күш болмады. Рудың ішіндегі әрбір тайпада өзінің тайпа бастығын бүтін ру бастығынан көрі жақын, сенімді көрді. Сананы салт туғызады. Құмды, сорлы кең далада өсіп-өнген қазақтың көшпелі күйі, ру салты аламандық туғызды. Ру салтының түбін басып, ру ақсақалдарының кәдірі кете бастап еді, аламандық та бәсеңси бастады. Осы күнгі қазақта аламандық бар ма? Жоқ деп айтуға болмайды. Қалың қазақтың арасында аламандық мінез толып жатыр. Бірақ түрлі себептерден аламандық өзгерген күйге енді.

Жоғары