Александрия мектебі — б.з.д. 4 ғасырдың аяғында эллиндік Египеттін астанасы Александрия қаласында қалыптасқан тіл зерттеу мектебі. 640 жылда Александрияны арабтар жаулап алғанға дейін өмір сүрген. Александрия мектебінің аса ірі өкілдері: Зенодот, Ликофрон, Александр Этолийский, Аристофон Византийский, Аристарх Самофракийский, Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол т.б. Александрия филологтерінін шығармалары аз сақталған, көбінесе олар үзінді түрінде кейінгі зерттеушілердін (Варрон, Донат, Присциан т.б.) баяндауларында берілген. Александрия мектебі дәстүрлерінде филология мен грамматика негіздері қалыптасқан. Александрия мектебі грек-латын ғылымы мен Таяу Шығыстағы көне ілімнің түйісуінен туған. Александрия мектебінін грамматика жайындағы зерттеулері кейін Еуропа тіл білімінін негізіне жатты. Грамматиканы тіл білімінің басқа салаларынан бөліп қарап, осы күнгі фонетика, морфология, синтаксистін сұлбасын анықтады. Александрия мектебінің грамматикалық ілімі негізінде сөз таптары туралы ілім жатыр. Онда сөз таптары 8 түрге бөліп қарастырылды:
- есім;
- етістік;
- есімше;
- мүше;
- есімдік;
- предлог;
- үстеу;
- шылау (Дионисий Фракийский);
сөз түрлендіру және сөзжасам категорияларына да көңіл аударылды. Александрия мектебі ілімінде тіл құрылымының дыбыстан бастап барлық қабаттарын зерттеуге мән берілді. Бүл мектептің идеялары мен әдістері көне Рим грамматиктеріне елеулі ықпал жасады. Кейінгі антикалық дәуірде, орта ғасырларда кенінен белгілі Донат пен Присциан грамматикалары Александрия мектебі дәстүрінде жазылган.
Сілтемелер
- Александрия кiтапханасы
- Александрия шамшырағы
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Александрия мектебі
- Лингвистика
- Александрия
- Антикалық философия