Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Құмай құрғақшылыққа төзімді, өнімділігі және азықтық құндылығы жоғары. Жерорта теңізінен Үнді және Қытайға дейінгі аралықта, Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстіг

Алеп құмайы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Құмай

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
Тұқымдасы: Астық тұқымдасы
Тегі: Құмай (Sorghum halepense)

Құмай(өсімдік) (лат. Sorghum halepense) - астық тұқымдасына жататын көп жылдық арамшөп.

Ботаникалық сипаты

Құмай (дәні, жапырағы, сабағы).
  • Биіктігі 1-1,5 м-дей, сыртқы түрі жүгеріге ұқсас.
  • Жапырақтары ұзын, диаметрі 1-3 см.
  • Көп гүлді сыпртқы гүлшоғырының биіктігі 60 см-дей. Әрбір гүлі жарғақ тәрізді екі гүл қабыршағынан тұрады. Аталығы - үш, аналығы - біреу. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
  • Жемісі - дән.

Таралу аймағы

Құмай құрғақшылыққа төзімді, өнімділігі және азықтық құндылығы жоғары. Жерорта теңізінен Үнді және Қытайға дейінгі аралықта, Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде және Солтүстік Кавказда таралған.

Құрамы

Құмай көміртекке, белокқа, амин қышқылдарына, каротинге, минералды заттарға, А провитаминіне, В тобының дәрумендеріне бай. Оның дәнінде 70-73% крахмал, 12-15% белок, 3,5-4,5% май болады.

Емдік қасиеті

Емдік мақсатқа құмайдың көктем мен күз айларында жиналған сабағы мен тамыры пайдаланылады. Оның судағы тұнбасымен құяң және жүйке ауруларын емдейді.

Шаруашылықтағы қолданысы

Гүлшоғырынан сыпыртқы жасайды, сондай-ақ қызыл бояу және балауыз алынады.
Көк шалғыны мал жайылымы, сабаны қағаз жасауға, ши тоқуға пайдаланылады.
Тұқымы, жасыл шөбі құнарлы жемшөп, пішені құстарға, ауыл шаруашылығы малдарына және тоған балықтарына бағалы азық.
Құмай суғармалы егістікке, мақтаға көп зиян келтіреді.

Жоғары