| Алтынбек Сәрсенбайұлы | ||||
![]() | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 29 наурыз 2005 — 11 ақпан 2006 | ||||
| Бірігіп басқарушы | Болат Әбілов Ораз Жандосов Төлеген Жүкеев | |||
| ||||
| 9 қараша 2003 — 13 наурыз 2005 | ||||
| Бірігіп басқарушы | Болат Әбілов Ораз Жандосов Әлихан Бәйменов Людмила Жоланова | |||
| Ізбасары | «Ақ жол» партиясының төрағасы ретінде Әлихан Бәйменов | |||
| ||||
| 12 шілде — 29 қыркүйек 2004 | ||||
| Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
| Премьер-Министр | Даниал Ахметов | |||
| Ізашары | Сауытбек Абдрахманов | |||
| Ізбасары | Мәдениет, ақпарат және спорт министрі ретінде Есетжан Қосубаев | |||
| ||||
| 25 қаңтар 2002 — 4 қараша 2003 | ||||
| Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
| Ізашары | Тайыр Мансұров | |||
| Ізбасары | Қырымбек Көшербаев | |||
| ||||
| 4 мамыр — 11 желтоқсан 2001 | ||||
| Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
| Ізашары | Марат Тәжин | |||
| Ізбасары | Марат Тәжин | |||
| ||||
| қаңтар 1999 — мамыр 2001 | ||||
| Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
| Премьер-Министр | Нұрлан Балғымбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Ізашары | Ақпарат және қоғамдық келісім министрі ретінде өзі; Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі ретінде Қырымбек Көшербаев | |||
| Ізбасары | Мұхтар Құл-Мұхаммед | |||
| ||||
| қазан 1997 — қаңтар 1999 | ||||
| Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
| Премьер-Министр | Нұрлан Балғымбаев | |||
| Ізашары | Баспасөз және бұқаралық ақпарат ұлттық агенттігінің төрағасы ретінде өзі | |||
| Ізбасары | Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі ретінде өзі | |||
| ||||
| қазан 1995 — қазан 1997 | ||||
| Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
| Ізашары | Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі ретінде өзі | |||
| Ізбасары | Ақпарат және қоғамдық келісім министрі ретінде өзі | |||
| ||||
| қаңтар 1993 — қазан 1995 | ||||
| Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
| Премьер-Министр | Сергей Терещенко Әкежан Қажыгелдин | |||
| Ізашары | Қуаныш Сұлтанов | |||
| Ізбасары | Баспасөз және бұқаралық ақпарат ұлттық агенттігінің төрағасы ретінде өзі | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | «Ақ жол» (2003—2005) «Нағыз Ақ жол» (2005—2006) | |||
| Білімі | Қазақ мемлекеттік университеті Мәскеу мемлекеттік университеті | |||
| Діні | Ислам | |||
| Дүниеге келуі | 12 қыркүйек 1962 Қайнар ауылы, Нарынқол ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||
| Қайтыс болуы | 11 ақпан 2006 (43 жас) Талғар ауданы, Алматы облысы, | |||
| Жерленді | Кеңсай зираты | |||
| Әкесі | Сәрсенбай Байғұлов | |||
| Анасы | Күліхан Жұманқызы | |||
| Жұбайы | Салтанат Атушева | |||
| Балалары | Шолпан, Бекжан | |||
| өңдеу | ||||
Алтынбек Сәрсенбайұлы (12 қыркүйек, 1962 жыл, Қайнар ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы — 11 ақпан 2006 жыл, Талғар ауданы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист.
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2002-2003), Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы (2001), Қазақстанның ақпарат саласына жауапты министрі (1993-2001, 2004), «Ақ жол» және кейін «Нағыз Ақ жол» саяси партиясының тең төрағасы (2003-2006).
Өмірбаяны
Ұлы жүздің Албан руының Шоған абыз ұрпағы, Алжан тармағынан.
- 1962 жылы 12 қыркүйекте Алматы облысының Нарынқол ауданының Қайнар ауылында дүниеге келді.
- 1985 жылы журналистика мамандығы бойынша М.С. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тамамдады. Университетті аяқтағаннан кейін Қазақ телеграф агеттігінде, «Арай-Заря» журналының редакторы, «Өркен-Горизонт» газетінің бас редакторы болып қызмет етті.
- 1992 жылдан А. Сәрсенбайұлы Президент аппаратында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінде жауапты қызметтер атқарды.
- 1993 жылдан бастап он жыл бойы баспа, ақпарат және мәдениет саласының мемлекеттік органдарын басқарды. 1993 жылдан Баспа және ақпарат министрі,
- 1995 жылдан Баспа және ақпарат жөніндегі Ұлттық агенттіктің төрағасы, 1997 жылдан Қоғамдық келісім және ақпарат министрі, 1999 жылдан Қазақстан Республикасы қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрі.
- 2001 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы — Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі. 2002 жылдың қаңтарынан дипломатиялық қызметте, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.
Саясат
2003 жылдан бастап А.Сәрсенбайұлы өз еркімен Президентке отставкаға шығуға арыз беріп, қоғамдық-саяси қызметпен айналысты. 2003 жылдың қараша айында «Ақ жол» Демократиялық партиясының ІІІ съезінде бірауыздан тең төраға етіп сайланды. 2005 жылдың сәуірінен «Нағыз Ақ Жол» Қазақстан Демократиялық партиясының тең төрағасы. Алтынбек Сәрсенбайұлы — бірнеше кітаптар мен монографиялар авторы, саяси ғылымдар докторы.
| « | Ел азаматтарының бақытты һәм бақуатты өмір сүруі үшін күрестік... Бәріне де уақыт пен халық төреші | » |
Өлімі
2006 жылдың 11 ақпанында Алтынбек Сәрсенбайұлын көмекшісі Бауыржан Байбосынов және жүргізушісі Василий Журавлевпен бірге Алматы қаласының сыртында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тобы офицерлерінің қатысуымен жасалған қастандықтың нәтижесінде қаза болды.
2006 жылдың 13 ақпанында сағат 11-ден 40 минут уақытында Алматы облысы Талғар ауданындағы "Көктөбе" ауылы мен "12 бригада" ауылдарының арасындағы ауыл аралық жолдың шетінде оқ тиген жарасымен Алтынбек Сәрсенбайұлының, оның жүргізушісі (Василий Журавлёв) және күзетшісінің (Бауыржа́н Байбосы́н) мәйіті табылды.
Қызметтестері бұл өлімді саяси тұрғыдан өлтірілген өлім деп атады, және бұл өлімге жауапты жоғарғы билік деп айтты.
Осы жылы ақпанның 20-сында Қазақстанның Ұлтық Қауіпсіздік Комитетінің жетекшілері - Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаев және оның екі орынбасары - Владимир Божко мен Қозы-Көрпеш Қарбусов, сондай-ақ "Арыстан" арнаулы жасағының командирі Сержан Қойбақов отставкаға өтініш берді.
Отставканың себебі, Қазақстанның ақпараттық агенттіктері Сәрсенбаевтың өліміне ҰҚК-нің сол кездегі қызметкерлері қатысқанын хабарлағаннан кейін туындаған айғай-шуға байланысты болды.
Қозы-Көрпеш Карбусов пен Владимир Божконың өтінішінен басқаларының отставкасы қабылданды. Владимир Божко ҰҚК-нің төрағасының міндетін атқарушы болған еді.
Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры
Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасынан кейін достары, шәкірттері Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қор құруды ұйғарады.
Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілген жерлер
- 2022 жылы өзі оқыған Сарыжаз ауылындағы орта мектепке Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді. 2023 жылы сол мектепте Алтынбек Сәрсенбайұлына ескерткіш тақта орнатылды.
Сілтемелер
- Әлиханға атылған оқ Алтынбекті де айналып өтпеді. Серік Жолдасбай(қолжетпейтін сілтеме)
- Өткендегi жағдайлар және басқалары туралы кейбiр ойлар 29 маусымның 2011 жылы.
- Алаш барда – Алтынбек тiрi! 29 маусымның 2011 жылы.
- Асқар биiк аласармайды 29 маусымның 2011 жылы.
- Билiк пен террор немесе «белгiсiз бiреулер» туралы бiрер сөз 29 маусымның 2011 жылы.
- Voxpopuli: Алтынбек Сарсенбаев: политик вне времени 17 наурыздың 2013 жылы.
- 12 қыркүйекте туғандар
- 1962 жылы туғандар
- 11 ақпанда қайтыс болғандар
- 2006 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Райымбек ауданында туғандар
- Талғар ауданында қайтыс болғандар
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан мәдениет министрлері
- Қазақстанның Ресейдегі елшілері
- Кеңсай зиратында жерленгендер
- Өлтірілген саясаткерлер
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Қазақстан ақпарат министрлері
- Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары



