| Алтын аю | |
| нем. Goldener Bär | |
2026 жылғы иегері: Илкер Чатак | |
| Жалпы мәліметтер | |
|---|---|
| Мемлекет |
|
| Марапат не үшін | Берлин кинофестивалінің үздік фильмі үшін |
| Құрылтайшы | Берлин кинофестивалі (Берлинале) |
| Негізі қаланды | 1951 |
| Ресми сайт | |
«Алтын аю» (нем. Goldener Bär) — Берлин халықаралық кинофестивалінің ең жоғары марапаты. Ол «Алтын пальма бұтағы» (Канн) және «Алтын арыстан» (Венеция) сыйлықтармен қатар әлемдегі ең беделді кинофестиваль сыйлықтарының бірі болып саналады. Аю — Берлин қаласының геральдикалық нышаны, ол қаланың елтаңбасында да, туында да бейнеленген.
1951 жылы өткен алғашқы Берлин халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздарын батысгерманиялық алқа мүшелері анықтады. Ол кезде «Алтын аю» сыйлығы санаттар мен жанрларға бөлініп, бес бірдей жеңімпазға табысталған болатын.
1952 және 1955 жылдар аралығында «Алтын аю» иегерлері көрермендердің дауыс беруі арқылы анықталып отырды.
1956 жылы Кинопродюсерлер қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (FIAPF) фестивальді ресми түрде аккредитациядан өткізді. Содан бері «Алтын аю» марапатын халықаралық қазылар алқасы сараптап, жеңімпазды тағайындайды.
Жеңімпаздар
Төменде 1951 жылдан бергі барлық «Алтын арыстан» иегерлерінің тізімі берілген:
| Жыл | Қазақша атауы | Түпнұсқа атауы | Режиссёрі | Өндіруші ел |
|---|---|---|---|---|
| 1951 | Джиптегі төртеу (Драма) | Die Vier im Jeep | Леопольд Линдтберг | |
| Мекенжайсыз (Комедия) | ...Sans laisser d'adresse | Жан-Поль Ле Шануа | ||
| Құндыздар алқабында (Деректі фильм) | In Beaver Valley | Джеймс Алгар | ||
| Әділеттілік орнады (Триллер және шытырман оқиға) | Justice est faite | Андре Кайат | ||
| Күлше қыз (Музыкалық фильм) | Cinderella | Уилфред Джексон | ||
| 1952 | Бақытты жаздың бір күні | Hon dansade en sommar | Арне Маттссон | |
| 1953 | Үрей сыйы | Le salaire de la peur | Анри-Жорж Клузо | |
| 1954 | Хобсонның таңдауы | Hobson's Choice | Дэвид Лин | |
| 1955 | Егеуқұйрықтар | Die Ratten | Роберт Сиодмак | |
| 1956 | Биге шақыру | Invitation to the Dance | Джин Келли | |
| 1957 | 12 ашулы кісі | 12 Angry Men | Сидни Люмет | |
| 1958 | Бүлдірген алқабы | Smultronstället | Ингмар Бергман | |
| 1959 | Бөлелер | Les Cousins | Клод Шаброль | |
| 1960 | Тормес кедейі | El Lazarillo de Tormes | Сезар Фернандес Ардавин | |
| 1961 | Түн | La Notte | Микеланджело Антониони | |
| 1962 | Ғашықтық түрі | A Kind of Loving | Джон Шлезингер | |
| 1963 | Бусидо — самурай аңызы | 武士道残酷物語 | Тадаси Имаи | |
| Ібіліс | Il diavolo | Джан Луиджи Полидоро | ||
| 1964 | Құрғақ жаз | Susuz yaz | Метин Эрксан | |
| 1965 | Альфавиль | Alphaville, une étrange aventure de Lemmy Caution | Жан-Люк Годар | |
| 1966 | Тұйық | Cul-de-Sac | Роман Полански | |
| 1967 | Старт | Le Départ | Ежи Сколимовский | |
| 1968 | Кім оның өлгенін көрді? | Ole dole doff | Ян Труэль | |
| 1969 | Ерте туындылар | Rani radovi / Рани радови | Желимир Жилник | |
| 1970 | Михаэль Верховеннің «o.k.» антисоғыс фильміне қатысты дауға байланысты марапаттар берілмеді | |||
| 1971 | Финци-Контини бағы | Il giardino dei Finzi Contini | Витторио Де Сика | |
| 1972 | Кентербери хикаялары | I racconti di Canterbury | Пьер Паоло Пазолини | |
| 1973 | Алыстағы күн күркірі | Ashani Sanket / অশনি সংকেত | Сатьяджит Рай | |
| 1974 | Дадди Кравицтің тәрбиесі | The Apprenticeship of Duddy Kravitz | Тед Котчефф | |
| 1975 | Асырап алу | Örökbefogadás | Марта Месарош | |
| 1976 | Баффало Билл және үндістер | Buffalo Bill and the Indians | Роберт Олтмен | |
| 1977 | Өрлеу | Восхождение | Лариса Шепитько | |
| 1978 | Жеделсаты | Ascensor | Томас Муньос | |
| Форельдер | Las truchas | Хосе Луис Гарсия Санчес | ||
| Макстың сөздері | Las palabras de Max | Эмилио Мартинес-Ласаро | ||
| 1979 | Давид | David | Петер Лилиенталь | |
| 1980 | Хартленд | Heartland | Ричард Пирс | |
| Палермо немесе Вольфсбург | Palermo oder Wolfsburg | Вернер Шрётер | ||
| 1981 | Тез, тез | Deprisa, deprisa | Карлос Саура | |
| 1982 | Вероника Фосс-тың сағынышы | Die Sehnsucht der Veronika Voss | Райнер Вернер Фасбиндер | |
| 1983 | Билік | Ascendancy | Эдвард Беннетт | |
| Ара ұясы | La colmena | Марио Камус | ||
| 1984 | Махаббат ағындары | Love Streams | Джон Кассаветис | |
| 1985 | Уэзерби | Wetherby | Дэвид Хэа | |
| Әйел және бейтаныс адам | Die Frau und der Fremde | Райнер Симон | ||
| 1986 | Штаммхайм | Stammheim – Die Baader-Meinhof-Gruppe vor Gericht | Райнхард Хауфф | |
| 1987 | Тақырып | Тема | Глеб Панфилов | |
| 1988 | Қызыл гаолян | 红高粱 | Чжан Имоу | |
| 1989 | Жаңбыр адамы | Rain Man | Барри Левинсон | |
| 1990 | Жіптегі бозторғайлар | Skřivánci na niti | Иржи Мензель | |
| Музыкалық қобдиша | Music Box | Коста-Гаврас | ||
| 1991 | Күлкі үйі | La casa del sorriso | Марко Феррери | |
| 1992 | Үлкен каньон | Grand Canyon | Лоуренс Кэздан | |
| 1993 | Үйлену тойы | 喜宴 | Энг Ли | |
| Күнжіт майын жасаушы әйел | 香魂女 | Се Фэй | ||
| 1994 | Әкенің атымен | In the Name of the Father | Джим Шеридан | |
| 1995 | Жемтік | L'appât | Бертран Тавернье | |
| 1996 | Ақыл мен сезім | Sense and Sensibility | Энг Ли | |
| 1997 | Халық Ларри Флинтке қарсы | The People vs. Larry Flynt | Милош Форман | |
| 1998 | Орталық станция | Central do Brasil | Вальтер Саллес | |
| 1999 | Жіңішке қызыл сызық | The Thin Red Line | Терренс Малик | |
| 2000 | Магнолия | Magnolia | Пол Томас Андерсон | |
| 2001 | Интимдік | Intimacy | Патрис Шеро | |
| 2002 | Қанды жексенбі | Bloody Sunday | Пол Гринграсс | |
| Сен мен Чихироның рухтармен арбалуы | 千と千尋の神隠し | Хаяо Миядзаки | ||
| 2003 | Осы әлемде | In This World | Майкл Уинтерботтом | |
| 2004 | Қабырғаға қарсы | Gegen die Wand | Фатих Акин | |
| 2005 | Хайелитшалық Кармен | U-Carmen eKhayelitsha | Марк Дорнфорд-Мэй | |
| 2006 | Грбавица | Grbavica | Ясмила Жбанич | |
| 2007 | Туяның үйленуі | 图雅的婚事 | Ван Цюаньань | |
| 2008 | Элиталық жасақ | Tropa de Elite | Жозе Падилья | |
| 2009 | Қайғы сүті | La teta asustada | Клаудия Льоса | |
| 2010 | Бал | Bal | Семих Капланоглу | |
| 2011 | Надер мен Симиннің ажырасуы | جدایی نادر از سیمین | Асғар Фарһади | |
| 2012 | Цезарь өлуі керек | Cesare deve morire | Паоло және Витторио Тавиани | |
| 2013 | Баланың позасы | Poziția copilului | Кэлин Питер Нецер | |
| 2014 | Қара көмір, жұқа мұз | 白日焰火 | Дяо Инань | |
| 2015 | Такси | تاکسی | Джафар Панахи | |
| 2016 | Теңіздегі өрт | Fuocoammare | Джанфранко Рози | |
| 2017 | Тән мен жан туралы | Testről és lélekről | Ильдико Эньеди | |
| 2018 | Маған тиіспе | Nu mă atinge-mă | Адина Пинтилие | |
| 2019 | Синонимдер | Synonymes | Надав Лапид | |
| 2020 | Зұлымдық жоқ | شیطان وجود ندارد | Мохаммад Расулоф | |
| 2021 | Сәтсіз секс немесе ессіз порно | Babardeală cu bucluc sau porno balamuc | Раду Жуде | |
| 2022 | Алькаррас | Alcarràs | Карла Симон | |
| 2023 | Адамантта | Sur l'Adamant | Николя Филибер | |
| 2024 | Дагомея | Dahomey | Мати Диоп | |
| 2025 | Арман | Drømmer | Даг Йохан Хёугеруд | |
| 2026 | Сары хаттар | Gelbe Briefe | Илкер Чатак | |
Тағы қараңыз
- Күміс аю
- Алтын пальма бұтағы
- Алтын арыстан
- Алфавит бойынша марапаттар
- Берлин кинофестивалі
