Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

«Алтын таңқурай» (ағылш. Golden Raspberry), және «Раззи» (ағылш. Razzie) — 1981 жылы америкалық Джон Уилсон ойлап тапқан антижүлде. Ең нашар деген жұмыстарға, с

Алтын таңқурай

  • Басты бет
  • Алтын таңқурай

«Алтын таңқурай» (ағылш. Golden Raspberry), және «Раззи» (ағылш. Razzie) — 1981 жылы америкалық Джон Уилсон ойлап тапқан антижүлде. Ең нашар деген жұмыстарға, соның ішінде, сценарий, режиссерлік жұмыс, киносаундтрек және жыл фильмдеріне беріледі. «Оскар» жүлдесіне толықтыру ретінде саналып, «Алтын таңқурайдың» номинанттары мен лауреаттарының есімдері «Оскардың» номинанттары мен лауреаттарының есімдерінен бір күн бұрын жарияланады. Жүлденің атауы ағылшын тіліндегі (to) blow raspberry (tongue) жаргонынан алынған. Мағынасы — біреуді немесе бір нәрсені тілін шығарып келеке ету. Ағылшын тілді ортада бұндай әрекет кең тараған.

Алтын Таңқурай Марапаты
Шынайы атауы ағылш. Golden Raspberry Awards
Мемлекет  АҚШ
Сайты razzies.com

Раззи тек «Алтын таңқурай» Фондының (Golden Raspberry Award Foundation, GRAF) мүшелері дауыс бергеннен кейін ғана табысталады. Фондтың құрамына 12 елден 500 анонимді мүшелер еніп, пошта арқылы дауыс береді. Сыйлық есебінде пульверизаторлық алтын сырмен сырланған пластмассалы таңқурай жидегі ұсынылады. Әрбір сыйлық 5 доллардан кем тұрады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 23, 2026

    Нәсіл

  • Сәуір 04, 2026

    Carolus Linnaeus

  • Сәуір 06, 2026

    Ақжар ауданы

  • Сәуір 09, 2026

    Қабанбай (Жетісу облысы)

  • Сәуір 19, 2026

    Асылбек Сейітов

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары