| Амантау тауы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Пайда болған кезеңі | |
| Ұзындығы | 30 км |
| Ені | 7-8 км |
| Орналасуы | |
| 49°27′17″ с. е. 70°42′50″ ш. б. / 49.45472° с. е. 70.71389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°27′17″ с. е. 70°42′50″ ш. б. / 49.45472° с. е. 70.71389° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Амантау – Шошқакөл көлінің солтүстігінде 10-15 км жерде орналасқан тау.
Географиялық орны
Қарағанды облысы, Нұра ауданында. Амантау тауы бірнеше (Жартас, Сақар, Найза) таулардан тұрады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылған, енді жері 7-8 км.
Жер бедері
Беткейлері тауаралық өзен аңғарларымен тілімденген. Солтүстік беткейінен Ақтасты өзені, оңтүстік беткейінен Соналы өзені және оның көптеген салалары бастау алады.
Геологиялық құрылымы
Тас көмір жыныстарынан және девон гранитоидтарынан түзілген.
Өсімдігі
Қызғылт қоңыр топырағында шілік аралас дала өсімдіктері өседі.
- Алфавит бойынша тау сілемдері
- Нұра ауданы таулары

