Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Амантоғай ауданы — 1977-1988, 1990-1997 жылдары болған Қазақ КСР-ндегі Торғай облысының әкімшілік бірлігі. Орталығы — Жалдама ауылы.

Амантоғай ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аудан
Амантоғай ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Кіреді

Торғай облысы, Қостанай облысы

Енеді

10 а/к (1986)

Әкімшілік орталығы

Амантоғай, Жалдама

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

15 ақпан 1977 жыл

Таратылған уақыты

17 маусым 1997 жыл

Тұрғындары
Тұрғыны

3 657 адам (2009)

Амантоғай ауданы — 1977-1988, 1990-1997 жылдары болған Қазақ КСР-ндегі Торғай облысының әкімшілік бірлігі. Орталығы — Жалдама ауылы.

Тарихы

Амантоғай ауданы 1977 жылы 15 ақпанда Торғай облысының құрамында Амангелді, Арқалық, Державин, Науырзым аудандарының бөліктерінен құрылды. Орталығы алғашында Амантоғай ауылында болып, кейін Жалдама ауылына көшірілді.

1988 жылы 2 маусымда Торғай облысы таратылып, аудан Қостанай облысының құрамына енді. 9 шілдеде Амантоғай ауданы да таратылып, жері көршілес аудандарға қосылды.

1990 жылы 17 тамызда Амантоғай ауданы Торғай облысымен қатар бұрынғы шекарасында қайта құрылып, құрамына Амангелді ауданының Амантоғай, Жалдама, Шақпақ ауылдық кеңестері, Арқалық ауданының Горняк, Мирный, Тасты ауылдық кеңестері, Державин ауданының Қарынсалды ауылдық кеңесі, Науырзым ауданының Бүйректал, Октябрь, Степняк ауылдық кеңестері енді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай облысы екінші мәрте таратылып, аудан Қостанай облысының құрамына қайтарылды.

1997 жылы 17 маусымда Амантоғай ауданы таратылып, аумағы түгелдей Амангелді ауданына қосылды.

Әкімшілік бөлінісі

1986 жылы аудан құрамында 10 ауылдық кеңес пен 21 елді мекен болған:

Ауылдық кеңесОрталығыЕлді мекендері
Амантоғай ауылдық кеңесіАмантоғай ауылыАмантоғай, Қаражар, Қарақұдық
Бүйректал ауылдық кеңесіАқсай ауылыАқсай, Орловка
Горняк ауылдық кеңесіГорняк ауылыГорняк, Қарынсалды
Жалдама ауылдық кеңесіЖалдама ауылыЖалдама
Қарынсалды ауылдық кеңесіҚарынсалды ауылыҚарынсалды
Мирный ауылдық кеңесіМирное ауылыМирное
Октябрь ауылдық кеңесіОктябрь ауылыОктябрь
Степняк ауылдық кеңесіСтепняк ауылыКірпішкөң, Нарөлген, Степняк
Тасты ауылдық кеңесіТасты ауылыНовое, Приреченское, Тасты
Шақпақ ауылдық кеңесіШақпақ ауылыАқкісі, Қоғалыкөл, Чкалово, Шақпақ

Халқы

1979
 11606
Жоғары