الويكيبيديا العربية | |
![]() | |
| | |
| URL | ar.wikipedia.org |
|---|---|
| Коммерциялық | Жоқ |
| Сайттың түрі | Желілік энциклопедия |
| Тіркелу | Міндетті емес |
| Тілі | ar |
| Иемденуші | |
| Ашылған уақыты | шілде 2003 |
| Мақалалар саны | 1 334 199 |
| Беттер саны | 9 224 601 |
| Өңдеулер саны | 76 712 338 |
| Тіркелген қатысушылар саны | 3 001 481 |
| Белсенді қатысушылар саны | 5657 |
| Администраторлар саны | 25 |
| Тереңдігі | 290.9 |
| Мақала саны бойынша орны | 15 |
Арабша Уикипедия (араб.: الويكيبيديا العربية Арабша Уикипедия немесе араб.: ويكيبيديا الموسوعة الحرّة Уикипедия — ашық энциклопедия) — Уикипедияның араб тіліндегі бөлімі. Араб Уикипедиясы латын әліппесін қолданбайтын бөлімдерінің ең үлкендерінің бірі.
2012 жылдың желтоқсан айының басында Арабша Уикипедия тілдік бөлімдердің арасында 24-ші орында, ал тереңдігі бойынша 100 000 мақаладан асқан бөлімдердің арасында екінші орында тұрды. Бұл көрсеткішпен Арабша Уикипедия тек ағылшынша Уикипедия мен иврит тіліндегі Уикипедиядан төмен тұрды.
Alexa.com-ның статистикасы бойынша Арабша Уикипедия сайттың қонақтары саны бойынша Уикипедия бөлімдерінің арасында 11-ші орынды алып, қытайша және полякша Уикипедиядан кейінгі сатыға жайғасты (wikipedia.org сайтына кірушілердің 0,74%).
Араб уикипедиясының түрі басқа Уикпедиялардан өзгешеленеді, себебі араб тілінде жазу оңнан солға болғасын, ол «кәдімгі» қалыптың қарама-қарсы түрі боп келеді. Сонымен қатар Арабша Уикипедияда фон суреті ретінде кітап емес, арабеска қолданылады (суреті).
2008 жылдың 2 сәуірінде Уикипедияда араб тілінің диалекті — мысыр-араб тілінде Мысыр-арабша Уикипедия пайда болды.
- Уикипедия бөлімдері
- Араб тілі
