| Аудан | |
| Араван ауданы | |
| Араван району | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы | Араван ауылы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 106 134 адам (2009) |
| Ұлттық құрамы | өзбектер - 58,7% |
| Ресми тілі | |
|
| |
Араван ауданы (қыр. Араван району) - Қырғызстан Республикасының Ош облысы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік; облыстағы аумағы ең кішкентай аудан.
Әкімшілік орталығы — Араван ауылы.
Географиясы
Оңтүстігінде онымен Науқат ауданы, шығыстан Қара-Су ауданы шектеседі. Солтүстігінде Араван ауданы Өзбекстан Республикасымен шектеседі.
Екі эксклавтан тұрады — батыстағы кішілеу Араван және шығыста үлкендеу Араван, екеуінің арасын Науқат ауданы бөліп тұр.
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халқының санағы бойынша аудан тұрғындарының саны 106 134 адам, соның ішінде өзбектер - 62 281 адам немесе 58,7%, қырғыздар - 42 049 адам немесе 39,6%, әзербайжандар - 760 адам немесе 0,7%, тәжіктер - 542 адам немесе 0,5%, татарлар - 135 адам немесе 0,1%.
Елді мекендері
Ауданы 8 айылдық округ пен 48 ауылдық елді мекенге бөлінген :
- Алля-Анар айылдық округі (Араван, Аччи, Жаны-Араван, Қара-Бұлақ, Сасық-Үңкір);
- Керме-Тау айылдық округі (Гүлбахор, Кичик-Алай, Күнделүк, Майдан-Тал, Мың-Теке, Сары-Бұлақ, Чогом);
- Манғыт айылдық округі (Жаны-Арық, Кесек, Қызыл-Қорған, Мангит, Телейкен);
- Нұрабад айылдық округі (Кайрагач-Арық, Қақыр-Пилтан, Лангар);
- Тео-Мойын айылдық округі (Жеке-Мисте, Керкидан, Найман, Сары-Таш, Сырт, Хауз);
- Тепе-Қорғон айылдық округі (Арап, Жаны-Жол, Интернационал, Кесов, Тепе-Қорған, Ұйғыр-Абад, Чертик, Янги-Абад, Янги-Юл);
- Чек-Абад айылдық округі (Агроном, Жақшылык, Жар-Кышлак, Кочубаев, Кукалапаш, Максим-Тобу, Пахтачи, Телейкен);
- Юсупов айылдық округі (Араван, Қаррақ, Қазан, Сүтқор, Эрке-кашка ).
- Араван ауданы
