Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ара сүті - жұмысшы бал арасының безінен шығатын биогендік қасиеті бар зат. Жұмысшы ара болатын балаңқұрттарды 3 күнге дейін, аталық аралардың құрттарын жетілдір

Ара сүті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Оң жағында - ара тұқымдары, сол жағында - ара сүтіндегі балаңқұрттар.

Ара сүті - жұмысшы бал арасының безінен шығатын биогендік қасиеті бар зат. Жұмысшы ара болатын балаңқұрттарды 3 күнге дейін, аталық аралардың құрттарын жетілдіргенше, ал ана арасы - өмір бойы қоректендіреді.

Химиялық құрамы

Ара сүті - ақ түсті, қоюлығы кисель тәрізді қышқыл дәмді сұйықтық. Құрамы күрделі:

  • 65—66,5 % су,
  • 9—19% ақуыз, яғни альбумин мен глобулин (2:1), құрамы қанның

ақуыздарына ұқсас ақуыздар,

  • 8—19% қанттар, (глюкоза, фруктоза, сахароза)
  • 2—9% майлар
  • 1% астам минералды тұздар
  • және дәрумендер: А, Д, С, В1, В2, В3, В6, В12, В15, Н, Е, РР,

пантотен қышқылы

  • микроэлементтер
  • ацетилхолин
  • стерин
  • липидтар
  • гормондар (эстрадиол, тестостерон, прогестерон) және

т.б.

Ара сүтінде микробтар көбеймейді, себебі құрамында гермицидин бар.

Балаңқұрттың жас ерекшелігіне байланысты ара сүтінің құрамының өзгереді
 Зат, %  Баланқұрттың жасы
 2 күн   3 күн   4 күн   5 күн   6 күн   7 күн 
Ақуыз 18,9 10,4 10,1 9,4 9,0 10,6
Майлар 8,6 4,9 6,0 4,2 4,3 2,6
Қанттар 11,2 8,3 9,5 11,2 10,2 13,8

Қолдануы

Ара сүтін құрғатып, одан дәрі дайындайды. Ара сүті жас баланың тәбеті төмендегенде және ересек адам гипотония, себорея (бет терісінің ауруы) ауруларымен ауырғанда, жүйке жүйесі қызметі бұзылғанда қолданылады. Ара сүтін Адиссон ауруымен ауыратын адамға беруге болмайды, сондай-ақ, бұл дәріге ағза сезімтал келіп қабылдамайтын болса, онымен емдеу мөлшерін азайтады не тоқтатады.

Және ара сүтінде силденафилге құрамы ұқсас заттар табылған. Сол себепті ара сүтін еркектердің белсіздігін - ипотенцияны емдеуге қолданады.

Жоғары