| Арнасай бөгені | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Ұзындығы | 11,2 км |
| Ені | 9,8 км |
| Ауданы | 60,7 км² |
| Жағалық сызықтың ұзындығы | 80 км |
| Ең терең жері | 25 м |
| Орташа тереңдігі | 6,3 м |
| Сипаттамасы | |
| Толтырылған жылы | 1968 |
| Су алабы | |
| Су жинайтын орынның аумағы | 447 км² |
| Орналасуы | |
| 50°57′46″ с. е. 72°12′20″ ш. б. / 50.96278° с. е. 72.20556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°57′46″ с. е. 72°12′20″ ш. б. / 50.96278° с. е. 72.20556° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақмола облысы |
Арнасай бөгені (Вячеслав су қоймасы) — Есіл алабындағы жасанды су айдыны.
Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Арнасай ауылынан шығысқа қарай 3 км-дей, Астана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде орналасқан.
Гидрологиялық сипаты
Су айдынының аумағы – 60,7 км², ұзындығы – 11,2 км, енді жері – 9,8 км, орташа тереңдігі – 6,3 м, ең терең жері – 25 м. Су сыйымдылығы – 410 млн м³, су жиналатын алабы – 447 км², жағалау бойының ұзындығы – 80 км. Суы егістік суаруға (3,7 мың га), жайылымдарды суландыруға және өнеркәсіп кәсіпорындарын сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Арнасай бөгені Астана қаласын ауыз сумен қамтамасыз ететін басты су көзі саналады.
- Алфавит бойынша су қоймалары
- Ақмола облысы гидрографиясы

