Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

49°04′25″ с. е. 80°10′15″ ш. б. / 49.07361° с. е. 80.17083° ш. б. / 49.07361; 80.17083 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°04′25″ с. е. 80°10′15″ ш. б. / 49.07361° с. е

Арқат тауы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Арқат тауы
Сипаттамасы
Пайда болған кезеңі

Тас көмір, төрттік кезең

Ұзындығы

15 км

Ені

5-7 км

Биіктігі

914 м

Орналасуы

49°04′25″ с. е. 80°10′15″ ш. б. / 49.07361° с. е. 80.17083° ш. б. / 49.07361; 80.17083 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°04′25″ с. е. 80°10′15″ ш. б. / 49.07361° с. е. 80.17083° ш. б. / 49.07361; 80.17083 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Абай облысы Жарма ауданы жерінде

Арқат тауы (Қазақстан)
Арқат тауы (Қазақстан)
Арқат тауы
Арқат тауы (Абай облысы)
Арқат тауы

Арқат тауы Абай облысы Жарма ауданы жеріндегі тау. Оңтүстік-батысында Қарағайлы тауымен шектеседі. Абсолюттік биіктігі 914 м. Батыстан шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 7 км.

Жер бедері

Солтүстік беткейлері сай-жыралармен тілімденген, оңтүстігі тіктеу келген. Кейде адам мүсініне, кейде аң-құсқа ұқсайтын түрлі жақпартастардан құралған таудың сұлу көрінісі осы жерде болған жиһанкездерді (П.П.Семенов Тянь-Шанский, Н.М. Пржевальский, Ш.Уәлиханов, А.Янушкевич) ерекше таңырқатқан. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов, т.б. қазақтың көрнекті тұлғалары Арқат тауының көлдерінде (Қопа, Аймақкөл) суға шомылған, жағасында аң-құс атқан.

Геологиялық құрылымы

Тау тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген, етегін төрттік кезеңнің шөгінділері жауып жатыр.

Өсімдігі

Шалғынды қызыл қоңыр топырағында негізінен ши, ажырық, жусан, т.б. өсімдіктер өседі.

Жоғары