| Астана Арена | |
| |
| 4-санаттағы УЕФА стадионы | |
| Орналасуы | Астана, Қазақстан |
|---|---|
| Салынған | 2009 |
| Ашылған | 3 шілде 2009 жылы |
| Құрылыс құны | $ 182 млн |
| Сәулетші | Populous |
| Сыйымдылығы | 30 200 |
| Команда | Астана және Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы |
| Алаңның өлшемі | 105×68 м |
| | |
Астана Арена Ортаққорда | |
Астана Арена — Қазақстанның бас қаласы Астанада орналасқан стадион. Бұл стадионға 30 200 көрермен сияды. Әлемдегі қозғалмалы шатыры бар алты стадионның құрамына кіреді.
Стадион бастапқыда, ресми ашылу күнінде де қазақтың атақты күрескері Қажымұқан Мұңайтпасұлының құрметіне Қажымұқан Стадионы деп аталған. Кейінірек, стадион оның ағымдағы Астана Арена атауын алды.
Стадион, ең алдымен футболға бағытталған, сонымен қатар, елдің сүйікті спорт түрлеріне, соның ішінде күрес, дзюдо және бокс, басқа да спорт іс-шараларға арналған болуы мүмкін.
Арена 33 000 орындық екі деңгейлі құрылымы бар ірі амфитеатр ретінде ойластырылған: 16 000 орындық төменгі террассалар, қоршаған, және 17 000 орындық жоғарғы жағдай, батыс және шығыс жағында ілулі.
Жылжымалы шатыры 20 минутта ашылып-жабылады. Стадионның алаңы жасанды және әлемдік деңгейдегі ойындарды және концерттерді өткізуге бейімделген.
"Астана Аренада" 2009 жылдың 3 шілдеде ашылған болатын және бұл стадиондағы ең бірінші ойыны сол күні Локомотив (Астана) пен Қазақстанның жастар құрама командасы арасында өткен болатын. Бұл ойынның төрешісі әйгілі италяндық Пьерлуиджи Коллина болатын, ал доппен алғашқы соққыны Қазастанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев орындаған болатын. Осы екі командалардың кұрамында, өздерінің ойыншыларыменен қатар, қонаққа шақырылған "жұлдыздарда" ойнаған болатын. Қазақстанның жастар құрама командасына — Грузия құрамасының және италяндық "Милан" клубының қорғаушысы Каха Каладзе мен Украин құрамасының шабуылшысы Андрей Шевченко, ал «Локомотив» құрамында — атақты түрік ойыншылар Хасан Шаш және Хакан Шүкур ойнады.


7-Азиада қысқы ойындарының салтанатты ашылуы осы "Астана Аренада" өткен болатын.
