Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Астрахан көтерілісі (1705–1706) — стрелецтер, солдаттар, қала кедейлері мен жұмысшылардың феодалдарға қарсы көтерілісі.

Астрахан көтерілісі

  • Басты бет
  • Астрахан көтерілісі

Астрахан көтерілісі (1705–1706) — стрелецтер, солдаттар, қала кедейлері мен жұмысшылардың феодалдарға қарсы көтерілісі.

Астрахан көтерілісі феодалдық езгінің күшеюіне, алым-салықтың көбеюіне, жергілікті өкімет орындарының зорлық-зомбылығына байланысты шықты (1705 жыл, 30 маусым). Оған стрелецтер, солдаттар, қала кедейлері мен жұмысшылар қатысты.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші стрелецтер мен солдаттар болды. Оған Иван Шелудяк, Прохор Носов т.б. (стрелецтер мен солдаттар арасынан шыққан) жетекшілік етті. Көтерілісшілер қала кремлін басып алып, шет жерлік офицерлер мен "басшы адамдарды" қырып-жойды. Қаладағы билеуші топтың үй-мүлкі мен байлығын бөлісіп алды. Өкімет билігі жалпы қалалық жиналыс - "круг"тың қолына көшті. Круг старшындар советін сайлады.

Жаңа салыққа тыйым салынды, откуптар мен сауда монополиялары жойылды, стрелецтер мен солдаттарға ақшалай жалақы беру т.б. жолға қойылды. Сауда-саттық , финанс мекемелері , қару-жарақ , оқ дәрі старшынның қолына көшті. Қызылжар (Красный Яр), Қаражар (Черный Яр), Гурьев, Терки қалаларының тұрғындары көтерілісшілерге қосылды. Олар Еділ (Волга) бойымен жоғары өрледі, бірақ Царицынды ала алмады. 1706 жылы 13 наурызда патша әскерлері көтерісті басып жаншыды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 22, 2026

    Дәулеткерей Шығайұлы

  • Сәуір 21, 2026

    Құрайш сүресі

  • Наурыз 11, 2026

    Еңлік-Кебек

  • Сәуір 29, 2026

    Қайрат Нұртас

  • Сәуір 28, 2026

    Георгиевка каналдары

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары