Ауылдық мекендер - әр елдің өзінде қабылданған қалалық мекен ұғымына сәйкес келмейтін халық тұратын барлық орындар; ауылдық жердегі барлық мекендер. Мынадай түрлері бар:
1) ауыл шаруашылығы мекендері;
2) ауыл шаруашылығы емес мекендер;
3) аралас типті ауылдық мекендер (аграрлық-индустриялық);
Қазақстанда бұлар аудан орталықтарының біраз бөлігін құрайды. Дүние жузінде, шамамен, 12—20 млн, ал Қазақстанда 2005 жылдан басында 7347 ауылдык мекен бар.
Ауылдық мекендердің географиясы
Ауылдық (селолық) мекендер мен олардың аумақтық топтарының (торының, жүйесінің) даму серпінін, Өндіріспен, табиғат ресурстарымен және Жағдайларымен тығыз байланысын зерттейтін мекендер географиясының бөлімі.
- География және геодезия