Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ахмет Шәмиев (11 шілде 1908 жыл, қазіргі Алматы облысы Жаркент қаласы — 14 маусым 1983 жыл, Алматы) — актер, әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі (1970).

Ахмет Шәмиев

  • Басты бет
  • Ахмет Шәмиев

Ахмет Шәмиев (11 шілде 1908 жыл, қазіргі Алматы облысы Жаркент қаласы — 14 маусым 1983 жыл, Алматы) — актер, әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі (1970).

Ахмет Шәмиев
Жалпы мағлұмат
Туған күні

11 шілде 1908 (1908-07-11)

Туған жері

қазіргі Жаркент, Алматы облысы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

14 маусым 1983 (1983-06-14) (74 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақ КСР, КСРО

Азаматтығы

 КСРО
РКФСР (1917-1922)
Ресей империясы (1908-1917)

Мамандығы

актёр, әнші

Белсенді жылдары

1957-1981

Мазмұны

Өмірбаяны

  • Шәмиев сахналық өнер жолын 1925 жылы Жаркент қаласындағы драма үйірмесінен бастады.
  • 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан.
  • 1935 — 1983 жылы Ұйғыр музыкалық драма театрының (қазіргі Ұйғыр муз. комедия театры) құрамында актер болып, әр түрлі рөлдерде ойнады.

Рольдері

  • Шәмиевтің алғашқы ойнаған рөлі — Ж. Асимов пен А. Садыровтың “Анархан” атты муз. драмасындағы Мұхпула.
  • Бұдан кейін ол ұйғыр және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысып, сан алуан сахналық бейнелерді шынайы да тартымды ойнауымен көрермендер құрметіне бөленді.
  • Қазақ драматургиясы бойынша да қойылған спектакльдерге қатысып, Қодардың (Ғ. Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), т.б. рөлдерін орындады.

Шығарған әндері

2-дүниежүз. соғыс жылдары оның есімі ТМД халықтары әндерін орындаушы ретінде де белгілі болды. Ол өз жанынан

  • “Қазақстан”
  • “Отан”
  • “Колхоз”
  • “Гудок”
  • “Махаббатым”, т.б. әндер шығарды.

Кинодағы рольдері

1957 жылдан киноға түскен:

  • Нұрмағамбет (“Шоқан Уәлиханов”)
  • Әзім (“Біз Жетісуданбыз”, 1958)
  • Серкебай (“Егер де біздің әрқайсымыз”, 1961)
  • Жүніс ("Қилы кезең", 1966)
  • Ахметжан (“Жылан жылы”, 1981), т.б.

Құрмет

Алматы қаласында ол тұрған үйге (Тимирязев көш., 113-үй) мемориалдық тақта орнатылған.

Марапаттары

Құрмет белгісі орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Экономика

  • Наурыз 13, 2026

    Қояндар

  • Сәуір 02, 2026

    Ұлытау (ауыл)

  • Сәуір 03, 2026

    Ресей облыстары

  • Сәуір 07, 2026

    А (кирил)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары