| Аю балдырған | ||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||
| ||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||
| Archangеlica officinalis L. |
Аю балдырған (лат. Archangеlica officinalis) - шатыршагүлділер тұқымдасына жататын, екіжылдық, шөп тектес өсімдік.
Сипаты

- Биіктігі 2 метрге дейін жетеді.
- Тамыры қысқа, жуан, сындырғанда одан ақ сүт тәрізді зат бөлініп шығады.
- Сабағының іші қуыс, тік өседі, жуан, сырты тегіс.
- Жапырақтары сопақша келеген, 2-3 салалы, ара тісті. Төменгі жапырақтары ірі, сағақтары ұзын. Жоғарғылары отырмалы және әрбір жапырағының түп жағы сақина сияқтанып, сабақты қоршап тұрады.
- Гүлдері ақ немесе жасыл сары түсті, шоғырланып тұрады. Мамыр айынын қыркүйек айына дейін гүлдейді.
- Өсімдіктің аңқыған ерекше иісі бар және дәмі ащы. Ол батпақты жерлерде, өзен, көл жағаларында, ылғалды шабындықтарды, орман арасында өседі.
Құрамы
- Шайыр
- Эфир майлары
- Балауыз
- Илік және ащы заттар
- Валериан қышқылы
- Сірке қышқылы
Емдік қасиеті
- Медицинада аю балдырғанның тамырын тер шығаратын, өт және несеп айдайтын, жел шығаратын, қақырық түсіретін дәрі ретінде пайдаланады.
- Микробтар мен паразиттерді өлтіретін қасиеті де бар.
- Аю балдырғанның тамырын бронх қабынғанда, іш желдегенде, ішек түйнеп ауырғанда, іш өткенде қолдану өте пайдалы.
- Хорея ауруы кезінде жүйке тыныштандыратын дәрі ретінде береді.
- Подагра, ревматизм, бел ауруы кезінде осы өсімдіктен ванна жасап пайдаланады.
- Аю балдырғанның өскінінен сығып алған сөл тістің, құлақтың шаншып ауырғанын қойғызады.
Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын ерте көктемде қазып алады, жемісін күзде жинайды.
Тағы қараңыз
Санаттар:
- Шатыршагүлділер
- Дәрілік өсімдіктер