Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Аягөз – Абай, Жетісу облыстары аумағындағы өзен. Үлкен Аягөз және Кіші Аягөз өзенінің қосылуынан кейін Аягөз аталады. Ұзындығы 450 км, алабының ауданы 15,4 мың

Аягөз (өзен)

  • Басты бет
  • Аягөз (өзен)
 Басқа мағыналар үшін Аягөз (айрық) деген бетті қараңыз.

Аягөз – Абай, Жетісу облыстары аумағындағы өзен. Үлкен Аягөз және Кіші Аягөз өзенінің қосылуынан кейін Аягөз аталады. Ұзындығы 450 км, алабының ауданы 15,4 мың км2.

Аягөз өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 450 км
Су алабының
ауданы
15,4 мың км²
Су ағысы
Бастауы Тарбағатай жотасының солтүстік сілемдері
 • Биіктігі 1661 м
 • Координаттары 47°24′56″ с. е. 81°39′46″ ш. б. / 47.415679° с. е. 81.662681° ш. б. / 47.415679; 81.662681 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Балқаш көлі
 • Координаттары 46°39′46″ с. е. 79°14′14″ ш. б. / 46.66267° с. е. 79.237304° ш. б. / 46.66267; 79.237304 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°39′46″ с. е. 79°14′14″ ш. б. / 46.66267° с. е. 79.237304° ш. б. / 46.66267; 79.237304 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Абай, Жетісу облыстары

Бастауы

Тарбағатай жотасының солтүстік сілемдерінен (1661 м) бастау алады. Балқаш көлінің солтүстік-шығыс бөлігіне құяды.

Гидрологиясы

Жылдық орташа су ағыны мөлшері 5 м3/с. Жылдың 2-жартысында және құрғақшылық жылдары суы Балқаш көліне жетпейді. Жоғарғы ағысының жағалары тік шатқалды, ал орта және төменгі ағыстары кең жайылымды болып келеді. Балқашқа құяр жері сортаң және батпақты. Ұзынды-қысқалы 312 саласы бар. ірі салалары: Нарын, Балықты, Батпақты, Айғыз, Қурайлы, Таңсық. Негізінен, қар және жер асты суларымен толығады. Сәуір-мамыр айларындағы су ағымы мөлшері 80- 170 м3/с-ке дейін жетеді, ал тамыз-қыркүйек айларында 0,6- 2,0 м3/с-ке дейін төмендейді. Қарашаның 1-жартысында қатып, сәуірдің басында ери бастайды. Суы тұщы, минералдылығы 0,3-8,1 г/л. Химиялық құрамы — сульфатты натрийлі. Суы ауыз суға, жайылымды суландыруға және өндірістік-техникалық мақсаттарға пайдаланылады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Солтүстік Еуропа

  • Сәуір 10, 2026

    Жарқын (Солтүстік Қазақстан облысы)

  • Сәуір 12, 2026

    Темір жазуы

  • Сәуір 04, 2026

    Теңіз-Қорғалжын ойысы

  • Наурыз 11, 2026

    Қимақ қағанаты

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары