Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Америка Құрама Штаттары кабинеті – АҚШ Президентінің өкілеттілігін іске асыруға көмектесетін негізгі ұйым. Президент Кабинет мүшесі болмаса да, кездесулеріне тө

АҚШ Кабинеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Америка Құрама Штаттары кабинетіАҚШ Президентінің өкілеттілігін іске асыруға көмектесетін негізгі ұйым. Президент Кабинет мүшесі болмаса да, кездесулеріне төрағалық етеді. АҚШ Вице-президенті арнайы өкілеттік аясында Кабинетте қызмет етеді. Президент бекітіп, ал АҚШ Конгресі мақұлдауымен департамент басшылары Кабинет мүшелері болып аталады.

Кабинеттің 26 мүшесі бар. Олардың қатарында Вице-президент, 15 департамент басшысы және Кабинет деңгейіндегі 10 ресми лауазымды тұлға. Кабинет деңгейіндегі ресми лауазымдарға екеуінен басқасының бәріне тағайындалу үшін Сенаттың мақұлдауы қажет.

Америка Құрама Штаттарының конституциясы Кабинет құруды нақты айқындамайды. Кабинеттің қызметі Пікірлер тармағында келтірілген (ІІ Бап, 2-бөлім, 1-тармақ) жазбалар негізінде ұйымдастырылған. Оған сәйкес департаменттің басшылары Президентке кеңес беру қызметін атқара алады. Сонымен қатар 25-ші Түзетуге сай АҚШ Вице-президент, атқарушы орган есебіндегі департаменттердің басым бөлігінің қызметтері негізделген.

Жоғары