Ақбұлақ уезі — Қырғыз АКСР-дағы Ақтөбе губерниясының 1922-1924 жылдары болған әкімшілік-аумақтық бірлігі.
| Уез | |
| Ақбұлақ уезі | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Кіреді | |
| Енеді | 15 болыс |
| Әкімшілік орталығы | Ақбұлақ |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 5 шілде 1922 |
| Таратылған уақыты | 16 қаңтар 1924 |
Орталығы Ақбұлақ ауылы болған Ақбұлақ уезі 1922 жылы 5 шілдеде құрылған. Құрамында 15 болыс болды:
- Ақбұлақ. Орталығы — Ақбұлақ а.
- Астрахан. Орталығы — Астрахан а.
- Бабатай көшпелі
- Жиренқопа көшпелі
- Елек көшпелі
- Калинин. Орталығы — Калинин а.
- Ново-Алексеев. Орталығы — Ново-Алексеев а.
- Петропавлов. Орталығы — Петропавлов а.
- Сазды. Орталығы — Сазды а.
- Тамды көшпелі
- Томарөткел көшпелі
- Тұзтөбе көшпелі
- Харьков. Орталығы — Харьков а.
- Қобда көшпелі
- Жайсан. Орталығы — Жайсан а.
1922 жылы 27 шілдеде Ойыл ауданынан Ақбұлақ уезіне 6 болыс: Беловодск (орталығы - Беловодск ауылы), Қайыңды көшпелі, Қарағанды көшпелі, Киелі-Ойыл көшпелі, Ново-Надеждинск (орталығы - Ново-Надеждинск ауылы), Преображенск (орталығы – Преображенск ауылы) көшірілді.
1923 жылдың басында Темір уезінің Бабатай болысы Қайыңды болысына қосылды.
1923 жылы 26 сәуірде Беловодск және Ново-Надеждинск болыстары Преображенскіге, Калинин және Петропавлов — Ново-Алексеевкіге, Николаев және Харьков — Жайсанға қосылды. Елек болысының орталығы Шашқан, Қарағанды болысыныкы — Қарағанды ауылы, Преображенск болысыныкы — Сазды ауылы, Тұзтөбе — Томарөткел ауылы болды. Қайыңды болысы Темір уезіне берілді.
1924 жылы 16 қаңтарда Ақбұлақ уезі таратылды. Оның аумағы Ақтөбе уезіне қосылды.
Әдебиет
- Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 288 б. — 1500 таралым.