Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ақпарыттық РНҚ сирек жағдайда матрицалық РНҚ (мРНҚ) деп те аталады, өйткені информациялық РНҚ-да, матрицадағыдай, полипептид синтезделеді. мРНҚ молекуласы тиіст

Ақпараттық РНҚ

  • Басты бет
  • Ақпараттық РНҚ

Ақпарыттық РНҚ сирек жағдайда матрицалық РНҚ (мРНҚ) деп те аталады, өйткені информациялық РНҚ-да, матрицадағыдай, полипептид синтезделеді. мРНҚ молекуласы тиісті гені бар ДНҚ-ның белгілі учаскесінде синтезделеді жəне сол геннің көшірмесін дəл түсіріп алады. Осындан кейін мРНҚ ядродан цитоплазмаға шығады да, рибосомалармен қосылады, ақуыз синтезі осылайша басталады. Жануарлар жасушасындағы мРНҚ тіршілігі бірнеше сағатқа, тіпті бірнеше күнге созылуы мүмкін. Осы мезгіл аралығындағы ақуыздың жүздеген, тіпті одан да көп молекулалары синтезделеді.

РНҚ полинуклеотидінің химиялық құрылымы

Жасуша құрамындағы мРНҚ мөлшері шамалы ғана (5% шамасындай), бірақ ол ерекше əсерлі келеді. мРНҚ алуан текті, ол жағдай жасуша синтездейтін ақуыздардың түріне байланысты, өйткені əр мРНҚ ақуыздың бір түрін ғана синтездеуге жауапты.

Пре-мРНҚ гетерогенді ядролық мРНҚ деп те аталатын, ол аса үлкен гигант молекула болып табылатынын атап айту қажет. Мұның құрамында басқа нуклеотидтермен бірге аденильдік нуклеотидтердің 200 шамасына дейінгі қалдықтардан тұратын ұзын тізбек бар. Пре-мРНҚ процессинг құбылысына ұшырайды. Ферменттердің əсерімен одан РНҚ-ның бір бөлшегі жəне поли-А бөлініп шығады, осылайша активті де дайын мРНҚ босап шығады. Бірақ мұның молекуласында да або белгіленбеген учаскелер үнемі бар, атап айтқанда құрамында аденил қышқылының 50-75 қалдығынан құралған ұзын поли-А бар. Бұл жағдай гемоглабин, миоглабин, инсулин, интерферонның мРНҚ-сы бойынша тəжірибе жүзінде дəлелденген, олар таза күйінде бөліп алынған. Трансляцияға қатысты поли-А қызметі əлі толық анықталған жоқ.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 09, 2026

    Ми сауыты

  • Сәуір 03, 2026

    Кенесары Қасымұлы

  • Сәуір 06, 2026

    Панфилов ауданы

  • Сәуір 13, 2026

    Рузаев ауданы

  • Наурыз 29, 2026

    Қанайналым жүйесі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары