| Ақсеңгір өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 66 км |
| Су алабының ауданы | 8420 км² |
| Су алабы | Іле |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Шолаққарғалы және Қарасу өзендерінің қосылған жері |
| • Орналасқан жері | Таран су қоймасы |
| • Биіктігі | 371 м |
| • Координаттары | 43°20′27″ с. е. 76°16′02″ ш. б. / 43.34083° с. е. 76.26722° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Күрті өзені |
| • Координаттары | 43°38′54″ с. е. 76°15′27″ ш. б. / 43.64833° с. е. 76.25750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°38′54″ с. е. 76°15′27″ ш. б. / 43.64833° с. е. 76.25750° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Алматы облысы Жамбыл ауданы |
Ақсеңгір – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы өзен.
Бастауы
Алматы-Тараз тас жолы мен Алматы-Шу темір жолының түстігінде Балғабек Қыдырбекұлы аулына жақын жерде Құтырған және Қарасу өзендерінің қосылған жерінен басталып, Қопа өзеніне құяды. Тағы бір нұсқа бойынша, Қарасу және Шолақ Қарғалы өзендері қосылған жерден басталады.
Жағасында Балғабек Қыдырбекұлы, Ақсеңгір, Көкдала елді мекендері бар.
Гидрологиясы
Ұзындығы 66 км, су жиналатын алабы 8420 км2. Жылдық орта су ағымы 1,68 м3/с. Мұз, қар суымен толығады. Егін, мал суаруға пайдаланылады.
Сілтемелер
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері
- Іле су алабы