Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ақтолағай қырқасы – Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Моңғол тілінде "тологой" – шың, тау басы деген мағынаны білдіреді.

Ақтолағай қырқасы

  • Басты бет
  • Ақтолағай қырқасы

Ақтолағай қырқасы – Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Моңғол тілінде "тологой" – шың, тау басы деген мағынаны білдіреді.

Ақтолағай қырқасы
Сипаттамасы
Пайда болған кезеңі

Бор

Ұзындығы

90 км

Ені

5-10 км

Ең биік шыңы

Қияқты тауы

Биіктігі

217 м

Орналасуы

47°27′08″ с. е. 55°05′21″ ш. б. / 47.45222° с. е. 55.08917° ш. б. / 47.45222; 55.08917 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°27′08″ с. е. 55°05′21″ ш. б. / 47.45222° с. е. 55.08917° ш. б. / 47.45222; 55.08917 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы

Ақтолағай қырқасы (Қазақстан)
Ақтолағай қырқасы (Қазақстан)
Ақтолағай қырқасы
Ақтолағай қырқасы (Ақтөбе облысы)
Ақтолағай қырқасы
Картада Жем өзені
Ақтолағай бор таулары

Мазмұны

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5-10 км, ең биік жері – Қияқты тауы (217 м). Каспий маңы ойпатымен жапсарласып, Жем өзенінің оң жағалауында жатыр.

Жер бедері

Батыс бөлігі жарқабақты сай-жыралармен тілімденген. Ақтолағай қырқасынан Терісаққан өзені бастау алады. Батысында Толағайсор көлі жатыр. Ақтолағайдың беткі жазығы оның батыс жапсарында тереңдігі кейде 140 м-ге дейін жететін тік құлайтын кертпештен шектелген.

Кертпеш шатқалдарындағы геологиялық қабаттар бүгінгі Венгрияға дейін көлкіген жылы теңіз түбінде түзілген. Үстіртті қоршаған аймақтардың бедері биіктігі 60-80 м-лік төбелер мен қырқалар түріндегі тұзды күмбездердің күмбезаралық кеңістіктердегі сорлармен және тақырлармен алма-кезек ауысып отыруымен сипатталады. Үстіртпен төрт тұзды күмбез жапсарласады, олар Құлдықұдық күмбез, Толағай күмбез, Шиелісай күмбез және Алашақазған күмбез.

Геологиялық құрылымы

Бор, бор-мергельді жыныстардан түзілген. Аппақ түсті бор және бор тектес әксаз қойнауқаттары миллиардтаған өте ұсақ көне организмдердің қазба қалдықтарынан құралған. Мұнда біршама ірі таснұсқаларды да, мәселен, бор кезеңі акулаларының тістерін, белемниттерді, аммониттердің, тіржандардың, маржандардың, теңіз лалаларының, теңіз кірпілерінің т.б. қазба қалдықтарын да тауып алуға болады.

Тереңдіктерде орналасқан ас тұзының қойнауқаттары оларды үстінен жаныштаған қатқабаттар салмағының әсерінен аққыштық қасиетті иеленеді де, әр түрлі жарықтар мен өзге де осал өңірлер арқылы жоғары қарай жылыстайды, осылайша тұзды ядродан тұратын, ал жербедерде көтерілімдермен сипатталатын арнаулы қатпарлар қалыптасады. Бұл процесс тұз тектоникасы деп аталады. Каспий маңы ойысының көптеген тұзды күмбездері мұнай-газ кен орындарын кіріктіреді.

Өсімдігі

Боз және сортаңды топырағында жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, боз жусан, баялыш өседі.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Бөлек Қараұлы

  • Сәуір 05, 2026

    Тау жыныстары

  • Сәуір 03, 2026

    Шоқан Уәлиханов

  • Сәуір 04, 2026

    Юлиан күнтізбесі

  • Сәуір 18, 2026

    Мэн (штат)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары