Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

\n2. [[Тәуекел хан]]"},"Балалары":{"wt":"2ші некеден: Хусейн ханзада, Мұрат ханзада"}},"i":0}}]}' id="mwAw">

Ақторғын Ханым

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ақторғын Ханым
Лауазымы
Ханша
1582  1598
Монарх Тәуекел хан
Ізашары Яхшым-бегім Ханым
Ізбасары Дильшах Ханым
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі XVI ғасыр
Ноғай ордасы
Жұбайы 1.Хақназар хан

2. Тәуекел хан

Балалары 2ші некеден: Хусейн ханзада, Мұрат ханзада

Ақторғын ханым - 550 жылдық қазақ тарихындағы ең сұлу да, көркем әйелдердің бірі. Ақторғын Ханым жайында деректер жоқтың қасы. Ақторғын ханымның есімі тек аңыздарда кездеседі. Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" романында Ноғай шонжарының қызы ретінде алғаш таныстырылады.

Хақназардың әйелі

Хақназар ханның соңғы әйелі, сондықтан Ақторғын ханға да, жанындағы батыр, билеріне де еш ықпал ете алмады. Көп тоқалдың бірі болғандықтан "Ханша" дәрежесіне қол жеткізе алған жоқ. Әрі ханымның бойында мансапқорлық секілді қасиеттер жоқ еді.

Тәуекел ханның әйелі

1580 жылы Хақназар хан қайтыс болған соң, жас жесірге сексендегі Шығай хан емес, оның ұлы Тәуекел үйленді. Ал 1582 жылы билікке Тәуекел сұлтан келгенде, Ақторғын «Ханша» атанды. Дегенмен Тәуекел ханға Ақторғыннан гөрі, анасы Яхшым-бегім көбірек ықпал етті. Ұрпақ жалғастырып, күйеуіне Хусейн және Мұрат сынды ұлдарды сыйлады.

Есім ханның қалауы

1598 жылы Тәуекел хан соғыста қайтыс болады. Салт бойынша әмеңгерлік жолмен Ақторғын ханша марқұмның інісі Есім ханға тұрмысқа шығуы керек еді, алайда Ақторғын қайын інісіне емес, өз сүйгеніне қосылуды жөн көрді. Жиембет жыраудың араласуымен Ақторғын ақыры дегеніне жетті.

Жоғары