Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ақ амур (лат. Ctenopharyngodon іdella) – тұқы тұқымдасына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда Балқаш — Іле су алабында, Сырдария өзенінде жерсіндірілген. Дене т

Ақ амур

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ақ амур

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Ұлы табы: Сүйекті балықтар
Табы: Actinopterygii
Сабы: Тұқытәрізділер
Тұқымдасы: Тұқылар
Кіші тұқымдасы: Leuciscinae
Тегі: Ctenopharyngodon
Steindachner, 1866
Түрі: C. idella
Екі-есімді атауы
Ctenopharyngodon idella
(Valenciennes in Cuvier & Valenciennes, 1844)

Ақ амур (лат. Ctenopharyngodon іdella) – тұқы тұқымдасына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда Балқаш — Іле су алабында, Сырдария өзенінде жерсіндірілген. Дене тұрқы 1 м, салмағы 32 кг-нан асады. Тұрқы жұмырлау, мұрты жоқ, маңдайы жалпақ, аузы сәл төмен қараған. 3-6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Мамыр — шілде айларында өзен ағысымен жоғары өрлеп, уылдырық (2,5 млн-ға дейін) шашады. Уылдырық ағыспен ағып су қабатында дамиды. Шабақтары балдырлармен, ұсақ су жәндіктерімен, ал ересектері су өсімдіктерімен (қамыс, қоға т.б.) қоректенеді. Амур өзенін және оның салаларын мекендейді. Ақ амур — кәсіптік маңызы бар балық. Тоғандық балық шаруашылығында тұқымымен бірге өсіріледі.

Жоғары