| Ақ саңырауқұлақ | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() In a forest near Rambouillet, France | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Boletus edulis Bull. | ||||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||||
| Boletus solidus Sowerby |
Үлгі:Mycomorphbox Ақ саңырауқұлақ (Boletus edulіs) – болетустар тұқымдасына жататын түр. Қазақстанда жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты және аралас ормандарда өседі. Қалпақшасының диаметрі 10 – 20 (кейде 50) см, үстіңгі бөлігі ашық қоңырдан қара қоңырға дейін өзгеріп отырады. Ал төменгі бөлігі алғашқы кезде ақ кейін жасыл сарғыш түске енеді. Аяқшасының ұзындығы 17 см-дей, қалыңдығы 4 – 6 см, ашық сары сұрғылт түсті, үстінде торлы өрнектері болады. Жемістік денесі ақ, тығыз, жағымды, саңырауқұлаққа тән исі болады. Салмағы 2 (сирек 4) кг. Ақ саңырауқұлақ маусымнан қазанға дейін өседі, 20-ға жуық формалары бар. Жеуге жарамды, өте бағалы саңырауқұлақ, себебі, құрамында белок өте көп. Ақ саңырауқұлақтың жемістік денесінен антиканцерогендік заттар табылған. Ақ саңырауқұлақтың түрлері:шырша ақ саңырауқұлағы , қарағай ақ саңырауқұлағы , қайың ақ саңырауқұлағы , емен ақ саңырауқұлағы , торлы ақ саңырауқұлақ , қара-қола түсті ақ саңырауқұлағы , жартылай ақ саңырауқұлақ.
Түрлері
- Шырша ақ саңырауқұлағы
- Қарағай ақ саңырауқұлағы
- Қайың ақ саңырауқұлағы
- Емен ақ саңырауқұлағы
- Торлы ақ саңырауқұлақ
- Қара-қола түсті ақ саңырауқұлағы
- Жартылай ақ саңырауқұлақ

Ішкі сілтемелер
- Саңырауқұлақтар
- Антиканцероген
Галерея
- Саңырауқұлақтар