| Ақ түлкі | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Амандық күйі | ||||||||||||||
| Least Concern (IUCN) | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Vulpes lagopus Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
Ареал | ||||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||||
| Alopex lagopus |
Ақ түлкі (лат. Vulpes lagopus) – иттер тұқымдасына жататын жыртқыш аң.
Ақ түлкілер Солтүстік Америка мен Еуразияның орманды тундрасында, тундрада және Солтүстік Мұзды мұхиттың аралдары мен Командор, Алеут, Прибылов аралдарында таралған. Дене тұрқы 45 – 75 см, құйрығы 25 – 52 см, салмағы 2 – 9 кг. Сыртқы пішіні қызыл түлкіге ұқсас, бірақ тұмсығы мен құлағы қысқа келеді. Терісінің түсіне қарай ақ және көгілдір болып бөлінеді. Ақ түлкі жылына 2 рет түлейді. Қыста жүні ұзын қалың, жұмсақ және біркелкі ақ, ал жазда ақсары бурыл болады. Көгілдір түлкі түлемейді. Ақпан – наурызда ұйығып, 52 күннен кейін 3 – 15, кейде 22 күшік табады. Күшігін баулып жетілдіргенше інінен ешқайда кетпейді. Күз – қыс айларында тамақ іздеп кезіп жүреді. Тамақ талғамайды. Олар көбіне тышқантәрізді кеміргіштер – леммингтер мен және тоқалтістермен, құстармен қоректенеді. Қолда бағылып та көбейтіледі. Ақ түлкі – терісі өте бағалы аң, сол үшін ауланады.
- Қауіптен тыс түрлер
- Түлкілер