Ақ үй (ағылш. the White House) — АҚШ Президентінің ресми резиденциясы. Резиденция АҚШ астанасы Вашингтон қаласында орналасқан.
| Ақ үй | |
| White House | |
| |
| Жалпы мәлімет | |
|---|---|
| Орналасқан қала |
|
| Мемлекет |
|
| Қазіргі жалдаушы | |
| Құрылысы басталды | 13 қазан 1792 |
| Құрылысы аяқталды | 1 қараша 1800 |
| Дизайны мен құрылымы | |
| Иемденуші | АҚШ Федералды үкіметі |
| Сәулетшісі | Джеймс Хобан |
| Картада орналасуы | |
| | |
| whitehouse.gov | |
Координаттар: 38°53′52″ с. е. 77°02′11″ б. б. / 38.89778° с. е. 77.03639° б. б. (G) (O) (Я)
Тарихы
Америка президентінің резиденциясы болған федерал ғимараттың алғаш іргетасы 1792 жылы 13 қазанда қаланған. Оның үлгісін архитекторлар арасындағы жобаны ұтып алған тегі ирландық Джеймс Хобан ұсынған. Алғашқы уақытта Президент үйі, Президент жекежайы, Президент сарайы болып аталып келген.
1812 жылы сұр тастан салынған ғимаратты британиялық әскерлер басып, өртеп жіберген.
1817 жылы Хобанның басшылығымен бастапқы қалпына қайта келтірілді. Қабырғалардағы өрттің қалдырған таңбаларын кетіру мақсатында ақ түспен сырлап шықты.
Содан кейін 1902 жылы Теодор Рузвельт бұл ғимаратқа Ақ үй деген атау берген.
