Аңшылық шаруашылығы - жабайы андар мен құстарды қорғау, оларды өсіру, өндірістік және әуесқойлық бағыттарда аулаумен айналысатын шаруашылық саласы.
Қазақстанда аңшылық шаруашылығына арнайы бөлінген 60 млн. гектарға жуық жер бар. Бұл жерде аңшылық шаруашылығының бірнеше түрі дамыған: мемлекеттік, тұтынушы одақтық және қоғамдық аңшылық шаруашылығында бағалы аң терілерін, ақбөкен, жабайы шошқа т. б. аң еті дайындалады.
Ауланатын аң мен құсты азайтпай, көбейте беруде мемлекеттік қорықтардың зор мәні бар. А.ш. арнайы егерлік қызмет жолға қойылған.
Санат:
- Аңшылық