Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Байбек Ақшаұлы(1601, қазіргі Өзбекстан Республикасы Науаи облысы Нұрата аудыны — 1676, сонда) — би, Әйтеке бидің әкесі. Алшын тайпасынан тарайтын Төртқара руына

Байбек Ақшаұлы

  • Басты бет
  • Байбек Ақшаұлы
 Басқа мағыналар үшін Байбек деген бетті қараңыз.

Байбек Ақшаұлы(1601, қазіргі Өзбекстан Республикасы Науаи облысы Нұрата аудыны — 1676, сонда) — би, Әйтеке бидің әкесі. Алшын тайпасынан тарайтын Төртқара руынан шыққан.

Аталары Ораз, Сейітқұл қажылар, әкесі Ақша, туысы Жалаңтөс есімдері Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтарға аян, беделді тұлғалар болған. Байбек Ақшаұлы Мир-Араб медресесін бітірген. Хожант билеушісі Шығай ханның ордасында хатшылық қызмет атқарған. 1626 жылы Жалаңтөс баһадүр Самарқан әмірі болғаннан кейін, Байбек Ақшаұлы оның иелігіндегі елге келіп, Қызбибі тауының өңіріндегі елдің басын қосып, диқаншылыққа жұмылдырады. Сонымен қатар мал шаруашылығын өркендетуге де айрықша көңіл бөліп, Жалаңтөстің сарбаздарын жүйрік ат, күшті түйе көлігімен, азық-түлікпен үздіксіз жабдықтап отырады. Кейбір деректер бойынша, Байбек Ақшаұлы би жылқы мен түйенің тұқымын асылдандыру жұмысын ұйымдастырған. Ол өзінің қоластындағы және көршілес аудандардағы отырықшы, жартылай отырықшы және көшпелі қазақ, өзбек, тәжік,қарақалпақтардың ынтымағын жарастыруға көп күш жұмсаған. Қазақтарды ұлттық сана-сезімді, ата дәстүрді берік ұстауға тәрбиелеген. Халық Байбек Ақшаұлының әділ билігіне риза болып, оны "төрелі би, төре би" деп атаған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Тамыз 30, 2026

    Cebu Pacific

  • Тамыз 27, 2026

    Коскьюско (Миссисипи)

  • Тамыз 29, 2026

    Түрікменстан вице-президенті

  • Шілде 05, 2026

    Сәтімжан Санбаев

  • Наурыз 21, 2026

    Атмосфера

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары