Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ұлытау жотасынан бастау алатын Құрамбай және Ақтас өзендері қосылған жерінен Байқоңыр деп аталады. Бас жағында төбелер арасымен, Қурайлы өзенінің құйылысынан тө

Байқоңыр (өзен)

  • Басты бет
  • Байқоңыр (өзен)
 Басқа мағыналар үшін Байқоңыр деген бетті қараңыз.

Байқоңыр – Торғай алабындағы өзен.

Байқоңыр өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 235 км
Су алабының
ауданы
4940 км²
Су алабы Торғай
Су ағысы
Бастауы Ұлытау жотасынан бастау алатын Құрамбай және Ақтас өзендері қосылған жері
 • Координаттары 48°05′09″ с. е. 66°23′52″ ш. б. / 48.08583° с. е. 66.39778° ш. б. / 48.08583; 66.39778 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Шұбартеңіз көлі
 • Координаттары 47°34′41″ с. е. 64°57′35″ ш. б. / 47.57806° с. е. 64.95972° ш. б. / 47.57806; 64.95972 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°34′41″ с. е. 64°57′35″ ш. б. / 47.57806° с. е. 64.95972° ш. б. / 47.57806; 64.95972 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Ұлытау облысы Ұлытау ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Ұлытау облысы Ұлытау ауданы арқылы өтеді. Ұзындығы 235 км, алабының ауданы 4940 км².

Бастауы

Ұлытау жотасынан бастау алатын Құрамбай және Ақтас өзендері қосылған жерінен Байқоңыр деп аталады. Бас жағында төбелер арасымен, Қурайлы өзенінің құйылысынан төмен белесті жазықпен ағып, Шұбартеңіз көліне құяды.

Гидрологиясы

Аңғарының ені 50 м-ден 2 км-ге дейін жетеді, орташа су ағыны 0,85 м³/с. Байқоңырға ұзындығы 10 км-ден астам 77 сала құяды. Өзен жер асты және қар суымен толығады. Наурыз, сәуір айларында тасиды. Суы тұщы, ал жазда суы тартылған кезде сортаң тартып, ащыланады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 18, 2026

    Тоғым хан

  • Сәуір 05, 2026

    Бурабай (көл)

  • Наурыз 11, 2026

    Әмір Темір

  • Наурыз 10, 2026

    Сөз таптары

  • Сәуір 13, 2026

    Бурабай көлі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары