Бапыш Қожамжарұлы (1860, Түркістан облысы Созақ ауданы Сызған ауылы — 1928, Созақ ауданы Сызған ауылы) — күйші.
Домбыра тартуды ауыл күйшілерінен үйренген. Ал, орындаушылық өнері мен өз шығарм. Сарыарқа, Қаратау өңірінің домбырашылары дәстүрінде қалыптасқан. Оның туындыларынан Тәттімбет, Ықылас үлгілері байқалады. Бапыш күйлері белгілі оқиғаларға арналған, мазмұны нақты, бірақ кезінде жазылып алынбағандықтан көбі ұмытылған. Оның “Қаратау”, “Қара жорға”, “Ыңғай төкпе”, “Бес жорға” атты күйлерін немересі, белгілі домбырашы, күйші Т.Момбеков жеткізген. Бұл шығармалар пластинкаға (“Қазақ күйлерінің антологиясы”, 1970) жазылған.
Санаттар:
- 1860 жылы туғандар
- Созақ ауданында туғандар
- 1928 жылы қайтыс болғандар
- Созақ ауданында қайтыс болғандар
- Күйшілер
- Қазақстан сазгерлері