«Барыс» ордені — Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 462-1 Заңымен белгіленген ордені.
| «Барыс» ордені I дәрежелі | |
|---|---|
![]() ![]() | |
| II дәрежелі | |
|---|---|
![]() | |
| III дәрежелі | |
|---|---|
| |
| Мемлекет | |
| Түрі | Орден |
| Жағдайы | беріледі |
| Негізделді | 26 шілде 1999 жыл |
| Жоғары марапаты | «Назарбаев» ордені |
| Төменгі марапаты | «Даңқ» ордені |
| Order of Barys Ортаққорда | |
Бұл орден ерекше еңбегі үшін:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтқаны;
- бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз еткені;
- мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте;
- халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға;
- ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға;
- мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытқаны үшін беріледі.
Дәрежелері
«Барыс» орденінде үш дәреже бар:
- 1-дәрежелі «Барыс» ордені жұлдыз бен иық таспасындағы белгіден тұрады.
- 2-дәрежелі «Барыс» ордені кеуде қалыбындағы белгіден тұрады.
- 3-дәрежелі «Барыс» ордені мойын таспасындағы белгіден тұрады.
Орденнің ең жоғары дәрежесі — I дәреже. Марапаттау ретпен жүргізіледі: III дәрежелі, II дәрежелі және I дәрежелі. Ерекше жағдайларда көзге түсер айырмашылығы үшін мемлекет басшысының шешімі бойынша кезектілік ескерілмей марапаттар тағайындалуы мүмкін.
Сипаттамасы
Орден таспасы қою көк түсті, ортасында үш сары жолағы бар.
- 1-дәрежеліде — иықтық — ені 100 мм
- 2-дәрежеліде — қалыптыға — ені 32 мм
- 3-дәрежеліде — мойынға — ені 20 мм
Галерея
- I дәрежелі «Барыс» орден жұлдызы
- I дәрежелі «Барыс» белгі ордені
- II дәрежелі «Барыс» ордені
- III дәрежелі «Барыс» ордені
Тағы қараңыз
- Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
