( бетінен бағытталды)
| Бағдат Сәмединова | |
| Туған күні | 5 ақпан 1954 (72 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Меркі ауданыАқарал |
| Белсенділік жылдары | 1976 - осы уақыт |
| Мемлекет |
|
| Мамандығы | әнші |
| Марапаттары | |
Бағдат Сәмидинова (5 ақпан, 1954 жылы туған, Меркі ауданы Ақарал ауылы) – әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995). Құрмет (2011), Парасат ордендерінің иегері (2020).
Өмірбаяны
- Батыр Сыпатай атындағы мектепті бітірген.
- Алматыдағы эстрада студиясын (халық артисі, профессор Н.Шәріпованың класы бойынша) бітірген (1975)
- әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1989).
- 1976 жылдан Қазақконцертте әнші.
Жетістіктері
- 1981 жылы республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды
- Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өткен А.Малдыбаев атындағы халықаралық өнер жарысының жеңімпазы.
- «Сазген» ансамблінің құрамында Италияда өткен фольклорлық фестивальдың Гран-при жүлдесін жеңіп алған. Сәмидинова концерттік бағдарламамен әлемнің көптеген елдерінде болып келеді.
Марапаттары
- 2011 жылы президент жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған.
- 2020 жылы президент жарлығымен "Парасат " орденімен марапатталған.
Санаттар:
- 5 ақпанда туғандар
- 1954 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Меркі ауданында туғандар
- Алфавит бойынша әншілер
- Қазақстан әншілері
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Парасат орденінің иегерлері
- Алфавит бойынша музыканттар
- Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Қазақконцерт әншілері
- Жігер фестивалінің лауреаттары
