| Бақи Мұхаммед өзб. Boqi Muhammad | ||
| Лауазымы | ||
|---|---|---|
| ||
| 1603 — 1605 | ||
| Ізашары | Жәни Мұхаммед (1599–1603) | |
| Ізбасары | Уәли Мұхаммед (1605–1611) | |
| Өмірбаяны | ||
| Дүниеге келуі | 1579 Бұхара | |
| Қайтыс болуы | 1605 Бұхара | |
| Әкесі | Жәни Мұхаммед | |
| өңдеу | ||
Бақи Мұхаммед (өзб. Boqi Muhammad; 1579–1605) — Бұхара хандығының өзбекЖәнилер (Аштархан) әулетінен шыққан ханы.
Алғашқы деректер
Дереккөздерде сондай-ақ Бақи хан және Бақи сұлтан деген есімдермен де аталады.
Өмірбаяны
1556 жылы Иван Грозныйдың әскері Астраханды алғанға дейін, Шыңғысханның ұлы Жошы мен немересі Тоқа Темірден тараған ұрпағы — Маңғышлақ хан Мәуереннаһрдағы Шайбанилер билік құрған Бұхара хандығында болды. Оның немересі Жәни Мұхаммед хан ІІ Абдулла ханның қарындасына үйленді. Ол Бұхарадағы Жәнилер немесе Аштарханилер әулетінің негізін салушы болды. Тарихта ол сондай-ақ Жәнібек сұлтан деген есіммен де танымал, сондықтан әулеттің екінші атауы — Жәнилер әулеті деп те аталады. Зерттеулерде олардың арғы бабасы Шыңғыс ұрпағы Тоқа Темірдің есіміне байланысты Тоқатемірліктер деген үшінші атау да қолданылады. Шайбанилер әулетінің ерлер жағынан мұрагерлері түгелге жуық қаза тапқаннан кейін, шонжарлар Жәни Мұхаммед сұлтанға Бұхара тағына отыруды ұсынды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін таққа Бақи Мұхаммед отырды.
Саяси қызметі
Шайбанилік II Абдолла хан (1557–1598) қайтыс болғаннан кейінгі кезең Бұхара хандығындағы саяси тұрақсыздықпен сипатталады. Осы жағдайды пайдаланып, елге оңтүстіктен Ұлы І Аббас шах бастаған Сефевидтік Иран әскері басып кірді. Ал 1598 жылы солтүстік-шығыстан қазақ ханы Тәуекел ханның әскері шабуыл жасады. Бұл шапқыншылық нәтижесінде қазақ сұлтандары Түркістан, Сайрам және Ферғананы қайтарып алып, Самарқанды уақытша басып алды, сондай-ақ Тәуекел ханның әскері астана Бұхараны қоршауға алды. Осындай ауыр жағдайда Аштарханилер дәл сол 1598 жылы Бұхара қоршауын тойтарып, Самарқандты өздеріне қайтара алды. Ал Ташкентте өз атынан күміс және мыс тиындар шығарған шайбанилік Келді Мұхаммед (1598–1604) билік құрды.
1598 жылы Бұхара хандығының билеушісі болып соңғы шайбанилік ІІ Пірмұхаммед хан (1598–1599) таққа отырды.
Т. Сұлтановтың айтуынша, 1599 жылы Бақи Мұхаммед беделінен айырылған ІІ Пірмұхаммед ханды тас-талқан етті. Осылайша ол Бұхара хандығындағы жаңа Жәнилер немесе Аштарханилер әулетінің (1599–1756) негізін қалаушы болды.
Барлық Аштарханилердің жоғарғы ханы болып Жәни Мұхаммед жарияланғанымен, іс жүзіндегі билік Бақи Мұхаммедтің қолында болды. Тек әкесі қайтыс болғаннан кейін ғана Бақи Мұхаммед ресми түрде таққа отырғызылды.
1602 жылы Бақи Мұхаммед хан Балх түбіндегі шайқаста Сефевидтік шах Аббастың әскерін жеңіліске ұшыратып, Бұхара хандығының тәуелсіздігін қорғап қалды.
Бақи Мұхаммед хан өзінің қысқа мерзімді билігіне қарамастан, елде әкімшілік, салық және әскери реформалар жүргізді, бұл мемлекеттің әрі қарай дамуына ықпал етті. Ол «Боқи Мұхаммед Баһадүр хан» деген жазуы және алғашқы төрт халифаның есімдері қашалған тиындар шығарды.
Қайтыс болуы
Бақи Мұхаммед хан 1605 жылы Бұхарада қайтыс болды. Оның мұрагері болып інісі Уәли Мұхаммед (1605–1611) таққа отырды.
Әдебиет
- История Узбекской ССР. Том 1. / Ответственный редактор Я.Г. Гулямов. — Ташкент, 1967.
- История Узбекистана. — Т. 3. — Ташкент, 1993.
- 1579 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Бұхарада туғандар
- 1605 жылы қайтыс болғандар
- Бұхарада қайтыс болғандар
- Аштархан әулеті